"Әлеуметтік-экономикалык даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздагы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 88 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын эзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесінде:
      8-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде);»;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі (қосымша түрінде).»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «12-1. Шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      12-2. Шартты қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      15-тармақта:
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау, сондай-ақ шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:»;
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнің" алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;
      4) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 ақпандағы
№ 88 қаулысына  
қосымша      

Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын әзірлеу
ережесіне    
3-қосымша    

Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі

Р/с

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы

Шығыстардың атауы

Сомасы, млн. теңге

1

2

3

4


Жиыны:







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады