"Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы  

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 8 ақпандағы № 108 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 227-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       көрсетілген қаулымен бекітілген Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасында:
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мониторинг және бақылау:
      1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттардың (шарттардың) талаптарын орындауы бойынша – жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауы бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады