Қазақстан Республикасы аумағында "Тойота" маркасының автомобильдерін құрастыру жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Тойота Мотор Корпорэйшн" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 117 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы  аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Меморандум жобасының мәтіні РҚАО-ға келіп түспеген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады