Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 126 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.";

      78-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшылары міндетті түрде бұрыштама соғады.";

      79-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның әрі Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұрыштамалары Президент Жарлығы жобасының келісу парағына ғана қойылады. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қоюы тиіс.

      Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген Президент актісінің әзірлеуші органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;";

      88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі бағыттарына, мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.";

      98-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды тұлғалары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық тасығыштарда (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.";

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.

      Қорытынды дайындауға жауапты ретінде айқындалған мемлекеттік орган Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

      Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Үкіметтің заң жобаларына қорытындылардың жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса тіркейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әзірлеуші қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.";

      109-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе Басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.";

      109-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен міндетті түрде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және егер, тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.";

      113-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күнінен бастап бес күн мерзімде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жібереді, онда міндетті түрде мыналар:

      1) заң жобасының тұжырымдамасы;

      2) Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер;

      3) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге қарама-қайшылықтардың болуы туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық салдарлар туралы ақпарат;

      4) заңның Премьер-Министрдің қолы қойылып бекітілу мүмкіндігі туралы қорытынды жазылады.

      Қорытындыдан басқа Кеңсеге Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ мәселелері Парламент қабылдаған заң қозғайтын өзге де мемлекеттік органдардың хаттарының көшірмелері міндетті түрде енгізіледі.";

      көрсетілген қаулыға 1-1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 5) тармақшасы 2013 жылғы 26 наурызға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 126 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министріне

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы "___" ______ мәжілісіне

Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА

      "_____________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

      "_____________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап,

      мынаны хабарлайды.

      Әзірлеуші орган - __________________________________________________.

      (жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      _____________________________________________________________________

      (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының

      нөмірі,

      _____________________________________________________________________

      (қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі

      мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)

      Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):

      Жобаны қабылдау __________________________ мүмкіндік береді.

      Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік

      бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға

      байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте

      көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе

      республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен

      қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).

      Жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау (Министр (вице-министр)

      - тегі және аты-жөні), Әділет (Министр (вице-министр) - тегі және

      аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен

      келісілді.

      Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай

      ескертулері бар). Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.

      Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс

      беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда "пысықталған

      редакциясында" деп көрсетіледі) немесе жобаны қайтарған немесе жобаны

      пысықтауға жіберген жөн деп пайымдаймыз.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Кеңсесінің Басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 126 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады