Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 қаулысымен

«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін
тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы
20 ақпандағы № 159 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      2013 жылғы 20 ақпанында № 159 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары (будан әрі -Қағидалар) бекітілген.
      Қағидалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
      Қағидалармен мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу мәселелері реттелген
      Қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия субъектісінің мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган немесе мемлекеттік монополия субъектісінің мүлкіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.

      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз