Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 169 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес және мүлікті ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тікұшақтар түріндегі мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 169 қаулысына 
қосымша      

Акцияларды төлеуге берілетін тікұшақтар тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

Шыққан жылы

Зауыттық нөмір

1

«Simplex» өрт сөндіру жүйесі және Shektrum Aeromed 6062-2 медициналық модулі бар Ка-32А11ВС тікұшағы

1

2012

523324069832

2

«Simplex» өрт сөндіру жүйесі және Shektrum Aeromed 6062-2 медициналық модулі бар Ка-32А11ВС тікұшағы

1

2012

523324069833

3

Қосымша жабдығы (КО-50 керосинді жылытқышы, 8МТ-1280-100 діріл бәсеңдеткіші, АРМ-406П авариялық радиомаягы, ГСША-18 с УС-1 гарнитурасы) бар көліктік нұсқадағы Ми-17В5 тікұшағы

1

2008

398М23

4

Ми-8Т тікұшағы

1

1982

9775319

Жиыны:

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады