"Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 179 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.10.2013 № 1136 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 460 қаулысына мынадай өзгерістер  енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы              Министрі, төраға

Егемберді                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Ерғали Қуандықұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,                               хатшы

Әбденов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және Серік Сақбалдыұлы            халықты әлеуметтік қорғау министрі

Досаев                     - Қазақстан Республикасының Экономика және  Ерболат Асқарбекұлы          бюджеттік жоспарлау министрі

Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Мұхтар Абрарұлы              ақпарат министрі

Айтжанов                   - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» Дулат Нулиұлы                акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Әбілғазы Қалиақпарұлы        федерациясының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша);

мына:
«Сағынтаев                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық Бақытжан Әбдірұлы            даму және сауда министрі»

«Исекешев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және Әсет Өрентайұлы              жаңа технологиялар министрі»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Сағынтаев                 - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Әбдірұлы            Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –
                             Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
                             министрі»

«Исекешев                  - Қазақстан Республикасы         
Әсет Өрентайұлы              Премьер-Министрінің орынбасары –
                             Қазақстан Республикасының
                             Индустрия және жаңа технологиялар
                             министрі»;
      көрсетілген құрамнан: Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова, Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Серік Кеңесұлы Нокин, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев, Сиязбек Өнербекұлы Мұқашев шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен, сондай-ақ сұрау салу жолымен қабылданады және егер, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады