Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2016 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздері |
2011 жылы республикалық бюджетте 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазiргi заманғы басқару технологияларын енгізуге арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада және Елдiң 2020 жылға дейiнгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында көрсетiлген. Республикалық бюджеттен келесi жылдарды қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады»; |
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.»;
«Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi» деген 6-бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделiп отыр.»;
7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
7. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I-кезең)
Р/с |
Iс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзiмi |
Болжанатын шығыстар |
Қаржыландыру көздерi |
Бюджеттiк бағдарлама нөмірі |
||||
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1. |
Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру |
ИЖТМ бұйрығы |
ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар |
2011 жылғы наурыз |
талап етiлмейдi |
2. |
Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеу |
құрал операторының шешiмi |
құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) |
2011 жылғы наурыз |
талап етiлмейдi |
3. |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекiтiлген Инновациялық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу |
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы |
ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) |
2011 жылғы қыркүйек |
талап етiлмейдi |
4. |
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту, одан әрі өзектілендіру |
ИЖТМ бұйрығы |
ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) |
2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай |
92 810 |
103 367 |
116 000 |
116 000 |
116 000 |
РБ |
011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау» |
5. |
Консалтингтiк компаниялардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, одан әрі өзектілендіру |
ИЖТМ бұйрығы |
ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствоаралық комиссия |
2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай |
|||||||
6. |
Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiштер қабылдау |
ИЖТМ-ге ақпарат |
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) |
келiп түсуiне байланысты |
|||||||
7. |
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама өткізу |
сараптамалық қорытынды |
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiш берушi |
келiп түсуiне байланысты |
|||||||
8. |
Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы |
құрал операторының шешiмi |
құрал операторлары (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) |
келiп түсуiне байланысты |
|||||||
9. |
Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) |
үнемi |
|||||||
10. |
Ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) |
үнемi |
|||||||
11. |
Мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну |
шарттар |
ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) |
қажеттілігіне қарай |
672 100 |
30 000 |
187 500 |
187 500 |
187 500 |
РБ |
011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау» |
15 000 000 |
РБ |
051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру» |
|||||||||
10 000 000 |
РБ |
052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орны орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру» |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi
РБ - республикалық бюджет
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов