«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
2013 жылғы 6 наурызда № 220Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына
БАСПАСӨЗ релизі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевтің «Өнімділік 2020» бағдарламасының шеңберінде «ҚДБ-Лизинг» АҚ бюджеттік несиесін қаржыландыру үлесінің арасалмағын өзгерту мәселесі бойынша бірыңғай ұстанымды жасасын деген 2012 жылғы 6 қарашадағы № 17-5/10-5 хаттамалық тапсырмасының 3.3-тармағын орындау үшін«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірленді, ол 2013 жылғы 6 наурызда № 220 бекітілген.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қатысушы үшін 5 % деңгейде, оның ішінде, 2011– 2012 жылдары жасалған қатысушылардың шарттары бойынша қаржылық лизинг шартының сыйақылау ставкасы айқындалады.
Болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар: еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Болжанатын тиімділігі: кәсіпорындар қолданатын өндірістік технологияларды жетілдіру, экономиканың шикізат емес секторларында жұмыс істеп тұрғандарды жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі