"Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 244 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "деп белгілесін." деген сөздер ";" белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қолдау мақсатында:

      арнаулы мемлекеттік органдардың желілерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникация және/немесе қорғаулы байланыс желілерін, қорғаулы орындаудағы ақпараттық жүйелерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) арқылы жүзеге асырылады;

      мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін Интернет желісіне қосылған басқа техникалық құралдарға қосуға жол берілмейді;

      мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосуды мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы байланыс операторлары жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосу МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйістірілмей жүзеге асырылады;

      Интернет желісі арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырылады;

      арнаулы және құқық қорғау мемлекеттік органдары жедел мақсатта, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзін пайдаланбай, Интернет желісіне қосылуды ұйымдастыруы мүмкін;

      6) мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды деп белгіленсін.

      Көрсетілген тізбе мен Интернет желісіне қолжетімділік алатын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерінің желілік мекенжайларының тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері 1-тармақтың 5) тармақшасында жазылған шарттарды ескере отырып:

      1) өздерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара МО БКО арқылы ғана қосуды;

      2) Интернет қызметтерін мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі және МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйіспей алуды қамтамасыз етсін.

      2-2. Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының және 2-1-тармағының 1) тармақшасының талаптары құпия ақпарат өңделетін, сақталатын, берілетін немесе айналымда жүретін ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерге және басқа да ақпараттық жүйелерге және/немесе есептеу техникасы құралдарының объектілеріне қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 244 қаулысына
қосымша

Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің
интернет-ресурстары санаттарының тізбесі

Санат атауы

Орыс тіліне аударма

Блокталатын










      Министр

      * мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады