Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 наурыздағы № 251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар республикалық меншіктен:
      1) жалпы ұзақтығы 18,7 километр А-1 «Астана-Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы» автомобиль жолының учаскесі Ақмола облысының;
      2) жалпы ұзақтығы 18 километр Р-2 «Астана-Қорғалжын» автомобиль жолының Ақмол кентіне дейінгі учаскесі Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының, Ақмола облысының әкімдерімен бірлесіп, автомобиль жолдарының жоғарыда көрсетілген учаскелерін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады