Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 255 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

«Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18наурыздағы № 255
қаулысыныңбаспасөз-релизі

      «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 255 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 25-V Заңын іске асыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегi № 169-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үлгілік шартпенжеткізуші мен түтынушының арасында электрмен жабдықтаутәртібі айқындалады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз