"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 169-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары белгiленген мерзімде:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 169-ө өкімімен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық
субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және
құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА, ЭДСМ, МГМ, ИЖТМ, АШМ, ККМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы қыркүйек

2.

Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА, ЭДСМ, МГМ, ИЖТМ, АШМ, ККМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы қыркүйек

3.

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА

2012 жылғы қыркүйек

4.

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдерді қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА

2012 жылғы қыркүйек

5.

Электр энергиясына арналған шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2015 жылғы қаңтар

6.

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ТМРА, БҚА

2012 жылғы қыркүйек

7.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

8.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

9.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

10.

Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ТМРА

2012 жылғы желтоқсан

11.

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы қыркүйек

12.

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы қыркүйек

13.

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ҚТҮКШІА

2012 жылғы қыркүйек

14.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы қыркүйек

15.

«Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ТМРА

2012 жылғы қыркүйек

16.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2012 жылғы қыркүйек

17.

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы немесе орындалмауы туралы реттелетін нарық субъектісінің тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2012 жылғы қыркүйек

18.

Уақытша өтемдік тарифті (баға, алым ставкасын) бекіту қағидаларын бекіту туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2012 жылғы қыркүйек

19.

Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2012 жылғы қыркүйек

20.

Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2012 жылғы қыркүйек

21.

Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілеу туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2012 жылғы қыркүйек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ҚТҮКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады