2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қосқұдық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 19,64 гектар жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметінің, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік қажеттілігі үшін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін автомобиль, темір жол мен электр беру желілерін салу үшін «Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 260 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік қажеттілігі үшін және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылатын орман қоры
жерінің экспликациясы
Р/с |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде: |
|||||
орманды жерлер |
алаңдар |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
өзге де жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
«Жамбыл облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Қосқұдық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі |
19,64 |
- |
- |
19,64 |
- |
- |
|
ЖИЫНЫ: |
19,64 |
- |
- |
19,64 |
- |
- |
- |