"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакетін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне сенімгерлік басқаруға беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 269 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) тиесілі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне сенімгерлік басқаруға берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі және Қор осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады