"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 271 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С.Ахметов


Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

      Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы № Жарлығымен
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына:
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң және Республикалық ұланның тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнің, Ішкі істер министрлігі Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының, Республикалық ұлан қолбасшысының кабинеттерiне қойылады, әскерлердiң шеруiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерi мен Республикалық ұланның қатысуына байланысты басқа да қажеттi жағдайларда алып шығарылады (тiгiледi);»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директоры, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Iшкi iстер министрлiгі Iшкi әскерлер Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының, Республикалық ұлан қолбасшысының бұйрықтарымен немесе өзге де актiлермен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлігінің, Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi мен Республикалық ұлан нышандарының бейнелерiн мiндеттi түрде жаңғырту жағдайлары көзделуi мүмкiн;».
      2. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат; 2012 ж., № 49, 666-құжат):
      1) жоғарыда аталған Жарлыққа № 3 қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлыққа № 10 қосымша алынып тасталсын.
      3. «Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 743-құжат):
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:

«

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы – Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Президент

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«                                                                   

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Президент

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

»;

      мына:

«

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары

Қорғаныс министрі



Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарлары – Ішкі әскерлер комитеті төрағасының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы

      »;

      мына:

«

Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы

»;

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      17-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы – Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары;»;
      19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы – Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарлары – Ішкі әскерлер комитеті төрағасының орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;».
      4. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 380-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2011 ж., № 53, 742-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 17-қосымшаның ескертпесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери қызметшілерінің лауазымдар тізбесі С-КК-2 санатынан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөліктерінің тізбесі С-КК-18 санатынан басталады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тізілімде көрсетілген лауазымдарға теңестірілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері лауазымдарының бейтиптік тізбесін Қорғаныс министрімен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.».
      5. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.
      28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.».
      6. «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде және сипаттамаларында:
      «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары тізбесі» деген 1-бөлімде:
      «Медальдар» деген кіші бөлімде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті:
      І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін».»;
      «Төсбелгілер» деген кіші бөлімде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті:
      1) І, ІІ дәрежелі «Ішкі әскерлер қызметінің үздігі»;
      2) «Үздік спортшы-жауынгер»;
      3) І, ІІ дәрежелі «Спортшы-жауынгер».»;
      «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамасы (бұдан әрі – Сипаттамалар)» деген 2-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің медальдары» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитетінің медальдары»;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері».

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы № Жарлығына
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2000 жылғы 12 мамырдағы
№ 392 Жарлығына   
3-қосымша    

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Ішкі істер министрі                   - полиция генерал-полковнигі

Министрдің бірінші орынбасары         - полиция генерал-лейтенанты

Министрдің орынбасары                 - полиция генерал-майоры

Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы -        - генерал-лейтенант
Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының       - генерал-майор
бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы –
Ішкі әскерлер комитеті төрағасының
орынбасары

Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының       - генерал-майор
орынбасары – Ішкі әскерлер комитеті
төрағасының орынбасары
(тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс,
тыл мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)

Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылық     - генерал-майор
қолбасшысы

Өңірлік қолбасшылық                   - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары -
штаб бастығы

Қылмыстық-атқару жүйесі               - әділет генерал-майоры
комитетінің төрағасы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының    - полиция генерал-майоры
терроризмге қарсы орталығындағы
өкілетті өкіл

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының    - полиция генерал-майоры
аумағында ұйымдасқан қылмысқа
және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне
қарсы күресті үйлестіру жөніндегі
бюродағы өкілетті өкіл

Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,      - полиция генерал-майоры
Қарағанды, Қостанай, Павлодар,
Онтүстік Қазақстан облыстарының,
Астана және Алматы қалаларының ішкі істер
департаменттерінің бастықтары

Академия бастығы                      - полиция генерал-майоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады