"Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 278 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1174 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 813-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданылатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанында:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке жатқызу әдісі*
      _____________________________________________________________»;
                              (бөлек, барабар)
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Салық кодексiнің 60-3-бабының 2-тармағына сәйкес
      қорлардың өзіндік құнын айқындау әдісі**: ___________________»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің
      тізбесі***:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) __________________________________________________________»;
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам:
      тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
      лауазымының атауы _____________________________________________
      8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы «___»
      ________
      Ескертпе:
      * Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар дара кәсіпкерлер толтырмайды;
      ** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар дара кәсіпкерлер ғана толтырады;
      *** Салық кодексiнің 77-бабының 1-тармағына сәйкес нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салық тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексі) 60-3-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.».
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады