"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 280 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 846-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабының 2-тармағына, 571-бабының 4-тармағына, 576-бабының 4-тармағына646-бабының 9-тармағына, 650-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады