Конкурстан тыс рәсімдерді 2013 - 2015 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 286 қаулысы

      «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Конкурстан тыс рәсімдерді республикалық бюджеттен 2013 – 2015 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 286 қаулысына    
қосымша       

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер
арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын
ғылыми-техникалық бағдарламалар

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
      1) регенеративтік медицинадағы инновациялық жасуша технологиялары;
      2) жүкті әйелдердегі преэклампсияның алдын алу болжамы және профилактикасы бойынша ғылыми-негізделген бағдарламаны әзірлеу;
      3) көп және байланысқан жарақаттары, олардың салдарлары мен ортопедиялық аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және сауықтырудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады