2013 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 288 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 288 қаулысымен   
бекітілген      

2013 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің
тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Донор

Орындаушы агенттік

Іске асыру кезеңі
(жылдар)

Жобаның жалпы құны
(АҚШ долл.)

Грант сомасы
(АҚШ долл.)

Мемлекеттік бюджеттен грантты қоса қаржыландыру сомасы
(АҚШ долл.)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға алғышарт ретінде қоғамның рухани-адамгершілік қайта дамуы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

2013 – 2015

297778

59556

238222

2

Тәуекелдерді бағалау, дүлей апаттың алдын алу және ден қою бойынша ұлттық әлеуеттің күшеюі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

2013 – 2015

1453219

543374

909845

3

Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ-ның Әмбебап мерзімді шолуының ұсынымдарын тиімді іске асыру

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

2013 – 2014

434060

42148

391912

4

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мен сапасын бағалау жүйесін жақсартуға жәрдемдесу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

2013 – 2014

757576

70707

686869

5

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын іске асыру бойынша сараптамалық қолдау

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

2013 – 2014

395555

99259

296296

6

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмір сүру сапасы мен қоршаған ортаны қорғауға үлесін арттыру мақсатында шағын елді мекендерге арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен басқару моделін әзірлеу және сынақтан өткізу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі

2013 – 2014

984970

191313

793657

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады