Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына
баспасөз парақшасы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 303 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) қабылданды.
      Қаулы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру,мерзімі мен заңды тұлғалардан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту үшін әзірленді.
      Қаулыны қабылдау, рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ішінара автоматтандырылған нысанға көшу жолымен он, әлеуметтік-экономикалық салдарда, рұқсат беру құжаттарын беру мерзімін қысқартуға алып келеді
      Сонымен бірге, қаулыны қабылдау республикалық және жергілікті қаржылық шығынға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерге қаржылық жүктемеге әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз