"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге жер учаскесін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 331 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор, Т. Рысқұлов, Хусейн бен Талал көшелері мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы ауданында орналасқан, алаңы 173,3731 гектар жер учаскелері «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін қоғамның акцияларын төлеуге берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады