2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 288-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ресей Федерациясының «ОГК-2» – Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы ашық акционерлік қоғамының филиалына 2016 жылдың соңына дейін ТМД CЭҚ ТН 2621 00 000 кодына сәйкес 12135,932 мың тонна мөлшерінде күлшлак қалдықтарын Қостанай облысының аумағына орналастыру үшін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат берілсін.
2. Қостанай облысының әкімдігі:
1) 1999 жылғы 14 сәуірдегі жерді уақытша пайдалану (жалға беру) құқығын беру шартының талаптарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясының «ОГК-2» – Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы ашық акционерлік қоғамы филиалының күл-қоқыс үйіндісін және оған іргелес аумақты толық техникалық және биологиялық қалпына келтіруін орындауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Қостанай облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов