Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі, төраға
енгізілсін;
мына:
«Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Мәдина Ерасылқызы және сауда вице-министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономика және
Мәдина Ерасылқызы бюджеттік жоспарлау вице-министрi»;
көрсетілген құрамнан Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов