"Мүліктік және басқа да реттелмеген мәселелерді шешу жөніндегі Қазақстан - қырғыз комиссиясының қазақстандық бөлігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 359 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 367 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүліктік және басқа да реттелмеген мәселелерді шешу жөніндегі Қазақстан - қырғыз комиссиясының қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 359 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мүліктік және басқа да реттелмеген мәселелерді шешу жөніндегі Қазақстан - қырғыз комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамына:

Сағынтаев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы            Министрінің бірінші орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
                             министрі, тең төраға

Хаиров                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ерлан Қартайұлы              жаңа технологиялар министрлігі
                             Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы
      енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Серік Нығметұлы Ахметов, Асылхан Жұмағалиұлы Серіков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады