2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 398 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 398 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
      2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі — Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      екі мемлекет арасындағы автомобиль қатынасын, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитті одан әрі дамытуға ұмтылыс білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 6-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау:
      а) екі Тарап мемлекеттерінің арасында;
      б) екі Тарап мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен рұқсат
болмай-ақ жүзеге асырылады.
      Осы Келісімнің 11-бабында көзделген тасымалдауларды қоспағанда, үшінші мемлекетке/мемлекеттен жүктерді тасымалдау Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін рұқсаттардың негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.».

2-бап

      Келісімнің 11-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап әкелу кезінде де рұқсат талап етілмейді.».

3-бап

      2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді қолдану ережелері туралы атқарушы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтың а) тармақшасы алынып тасталсын;
      7-тармақтағы «екі Тарап мемлекеттерінің арасында, олардың аумақтары бойынша транзитпен» деген сөздер алынып тасталсын.

4-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

       20__ жылғы «___» ___________ _______________ қаласында екі данада әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының              Беларусь Республикасының
             Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады