"Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Бақытжан Әбдірұлы Министрінің бірінші орынбасары -

       Қазақстан Республикасының Өңірлік

       даму министрі, төраға

      Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Өңірлік

      Қайырбек Айтбайұлы даму бірінші вице-министрі, төрағаның

       орынбасары

      Жұманғарин - Қазақстан Республикасының Өңірлік

      Серік Мақашұлы даму вице-министрі, хатшы

      Аймұхаметов - Ақмола облысының әкімі

      Қосман Қайыртайұлы

      Шәйжүнісов - Қазақстан Республикасы Спорт және

      Аллен Сержанұлы дене шынықтыру істері агенттігі

       төрағасының орынбасары

      Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

      Ерлан Заманбекұлы министрінің орынбасары;

       мына:

      "Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Марат Әпсеметұлы даму және сауда вице-министрі, хатшы"

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құсайынов - Қазақстан Республикасының

      Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау

       вице-министрі";

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Серік Кеңесұлы Нокин, Қадырхан Махмұтұлы Отаров, Қайрат Пернешұлы Қожамжаров, Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Елжан Амантайұлы Біртанов шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады