"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 438 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
      «3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
      «Заңнаманы жетілдіру, сапалы норма шығару қызметi» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Ұлттық құқықтық жүйенi жаңғырту және оны үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес келтiру» деген 1.1-мақсатта:
      «Нысаналы индикаторлардағы» реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2. ЖБИ рейтингiндегi «Үкiметтiң iс-қимылының заңдылығын даулауда құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

75

85

80

70

75

74

73

3. ЖБИ рейтингiнде «Азаматтық дауларды реттеудегi құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

82

86

80

70

66

65

64

4. ЖБИ рейтингiнде «Меншiкке құқық» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

103

112

108

100

76

75

74

5. Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде «Келісімшарттарды орындау» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

Дүниежүзілік Банк есебі

орын

36

36

35

26

27

26

25

                                                                   »;

      «Сапалы норма шығармашылық процесiн қамтамасыз ету» деген 1.1.2-мiндетте:
      «Тiкелей нәтижелер көрсеткiштеріндегі» реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1. Мемлекеттік органдар әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын келісуге және бұрыштама қоюға ұсынылғандардың жалпы санынан Әділет министрлігі қайтарғандарының үлесі (2012 жылдан бастап базалық көрсеткіштерін анықтау)

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

базалық көрсеткіштен % қадам

-

-

-

-

64

62

60

                                                                   »;

      «Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн азаматтық заңнаманы жетiлдiру жолымен, соның iшiнде азаматтық дауларды реттеу кезiнде арттыру» деген 1.1.4-мiндетте:
      «Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар» мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:

      «

5. Қазақстанның құқықтық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша құқықтық саясаттың 2010 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау



Х



                                                                   »;

      «Сот актiлерiн орындау институтын жетiлдiру» деген 3-стратегиялық бағытта:
      «Атқарушылық іс-жүргізу органдарының тиімді жүйесін құру» деген 3.1.1-мiндетте:
      «Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар» мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

      «

9. Алименттерді төлемегені үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу



Х



                                                                   »;

      «Дүниежүзілік сауда ұйымының және Дүниежүзілік зияткерлік меншігі ұйымының нормаларына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» деген 5-стратегиялық бағытта:
      «Зияткерлiк меншiктi дамыту үшiн Қазақстанда қолайлы жағдай қалыптастыру» деген 5.1-мақсатта:
      «Нысаналы индикатордағы» реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1. ЖБИ рейтингiнде «Зияткерлiк меншiктi қорғау» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

-

-

90

80

91

90

89

                                                                   »;

      «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» деген 5.1.1-мiндетте:
      «Тiкелей нәтиже көрсеткiштеріндегі» реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
      «Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар» мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6, 7-жолдармен толықтырылсын:

      «

6. Авторлық және патенттер мәселелерін реттейтін заңнамаға тексеру жүргізу



Х



7. Бұрын берілген патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды коммерциялау мүмкіндігі мәніне талдау



Х



                                                                   »;

      «Әдiлет органдары ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру және бiлiктi заң көмегiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету» деген 6-стратегиялық бағытта:
      «Әдiлет органдары көрсететiн мемлекеттiк қызмет сапасын арттыру» деген 6.1-мақсатта:
      «Нысаналы индикатордағы» реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2. ЖБИ рейтингiндегi «Бизнестi бастау үшiн қажеттi рәсiмдер саны» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

60

57

50

40

46

45

44

3. ЖБИ рейтингiндегi «Бизнестi бастауға қажет уақыт» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

62

71

65

50

79

78

77

4. Дүниежүзiлiк Банктiң «Doing Business» рейтингiндегi «Кәсiпорындарды ашу» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

Дүниежүзілік Банк есебі

орын

82

47

46

45

24

23

22

5. Дүниежүзiлiк Банктiң «Doing Business» рейтингiндегi «Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

Дүниежүзілік Банк есебі

орын

31

28

27

26

27

26

25

                                                                   »;

      «Халықтың құқықтық мәдениетiн арттыру» деген 6.3-мақсатта:
      «Нысаналы индикатордағы» реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2. ЖБИ рейтингiндегi «Мемлекеттiк органдар қабылдайтын шешiмдердiң айқындылығы» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

ДЭФ есебi

орын

-

75

65

46

30

29

28

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады