Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 446 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

«Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды
салуға тендер өткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 446
қаулысыныңбаспасөз-релизі

      «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 446 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 38-5) тармақшасына және 5-бабының 8-1) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 25-V Заңын іске асыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегi № 169-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қағида жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібін айқындайды.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз