"Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1005 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 449 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 775 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.07.2014 № 775 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1005 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      «Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру» деген 5.1-кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысына сәйкес «Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберінде қор нарығына шығып жатқан табиғи монополиялар субъектілерін реттеудің нормативтік құқықтық базасын іске қосылған активтердің реттелетін базасын және осы субъектілер үшін іске қосылған активтерге пайда ставкаларының есебін айқындау ерекшеліктерін белгілеу жолымен жетілдіру бойынша бірінші кезектегі шаралар қабылданды.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберінде бағалы қағаздар нарығына акциялардың шығарылуын жүзеге асырған субъектілер үшін тарифтерді белгілеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру инвесторлар мен тұтынушылар мүдделерінің сақталуымен, сондай-ақ орнықты және болжамды негізде инвестицияланған капиталдан кірістің нарықтық нормаларын алу мүмкіндігі ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады