Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.07.2014 № 775 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1005 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама Астана - 2010 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1 Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау
3.2 Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласын реттеу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдау
3.3. Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларын реттеуді дамытудың негізгі проблемалары, үдерістері мен алғышарттары
3.4. Реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
3.5 Орын алып отырған проблемаларды шешу жөніндегі шетелдік оң
тәжірибені шолу
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты
4.2. Нысаналы индикаторлар
4.2.1. Базалық субъектілердің нормативтен тыс ысыраптарын (олар болған жағдайда) азайту пайызы
4.2.2. Базалық субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітілгеннен азайту пайызы
4.2.3. Реттелетін қызметтерге арналған тарифтердің болжамы (ұлттық валюта бағамының, газ, көмір, мазут құнының тұрақты болуы және көрсетілетін қызметтер көлемінің өзгермеу шартымен)
4.2.3.1. Электр энергиясына босату бағаларының өзгеруі
4.2.3.2. Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауға арналған тарифтердің өзгеру болжамы
4.2.4 Реттелетін тарифтер деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
4.3. Бағдарламаның міндеттері
4.4. Нәтижелер көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
5.1 Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Паспорт
Атауы Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат
жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 негіздеме сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының 21-тармағы
Жауапты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
орындаушы реттеу агенттігі
Бағдарламаның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мақсаты реттеудің инвестицияларды өз активтерін жаңғыртуға
және жаңартуға бағыттауды, өздері ұсынатын
қызметтердің сапасын жоғарылатуды ынталандыратын
және инфрақұрылымдық салалардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін тиімді
теңгерімделген жүйесін қалыптастыру
Бағдарламаның Табиғи монополиялар субъектілері мен олардың
міндеттері қызметтерін тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін
қамтамасыз етуге негізделген тиімді тариф саясатын
жүргізу
Іске асыру 2010-2014 жылдар
мерзімдері
(кезеңдері)
Нысаналы 1) 2014 жылға базалық субъектілердің желілеріндегі индикаторлары нормативтен тыс ысыраптарды толық жою болжануда;
2) 2014 жылы тұтынушыға жылу энергиясын тасымалдау
кезіндегі нормативтік ысыраптардың деңгейі 20%-ды,
суды тасымалдау кезінде - 19%-ды және электр
энергиясын тасымалдау кезінде -15%-ды құрайды;
3) 2014 жылы Қазақстан Республикасы бойынша электр
энергиясын босату бағасы ҚҚС-ны қоспағанда орташа
есеппен 14,65 теңге/кВт сағ құрайды;
4) облысаралық және экспорттық қатынастарда темір
жол көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған
тарифтерді 2011-ден 2014 жылға дейін жыл сайын
15%-ға ұлғайту жоспарлануда;
5) 2014 жылға орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді
тарифтер бойынша 80-нен астам базалық субъектілер
жұмыс істейтін болады.
Қаржыландыру Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджеттен
көздері мен ақшалай қаражат бөлуді көздемейді
көлемдері
2. Кіріспе
Табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі - субъектілер) жұмылдырылған салаларда еліміздің барлық экономикасы мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызметтер өндіру жөніндегі ресурстар шоғырланған. Субъектілер су мен жылу энергиясын жеткізеді, электр энергиясын береді және таратады, мұнай мен газды тасымалдайды, көлік қызметтерін көрсетеді.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының, кейіннен оған енгізілген өзгерістердің, толықтырулардың және заңға тәуелді тиісті актілердің қабылданумен Қазақстан Республикасында экономикалық тыныс-тіршілігін пәрменді реттеуіштерінің бірі және нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің өркениетті нысандарының негізі болған табиғи монополиялар туралы заңнаманы қалыптастыру негізінен аяқталды.
Тарифтік реттеу негіздерін қалыптастыру кезеңдері 2001 - 2009 жылдар аралығында іске асырылған бірнеше бағдарламалық құжаттарда өзінің көрінісін тапты.
Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының (бұдан әрі - 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспар) өзекті бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама тарифтік саясатты дамытудың одан арғы қадамдарын айқындау мен субъектілерді дамытуға және олар ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған оларды мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
3. Ағымдағы жағдайды талдау 3.1 Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің, қызметін реттеу жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері және газ, мұнай тасымалдау, су шаруашылығы және кәріз жүйелері, азаматтық авиация, порттар қызметі салаларында реттеуіш болып табылады және оған тарифтік реттеу мен осы салалардағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін нормалау және нормативтік техникалық ысыраптар мәселелері бойынша реттеу функциялары берілген.
Тарифтік реттеу табиғи монополия субъектілерін, көрсетілген нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді, мемлекеттік монополия субъектілерін және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімді, тауарлар мен қызметтерді өткізетін субъектілерді қамтиды.
Нормалау және нормативтік техникалық ысыраптар мәселелері нормалау мәселелерін және әртүрлі сипаттағы рұқсат берулерді, кемсітусіз қол жеткізу талаптарын айқындау және лицензиялау мәселелерін қамтиды.
Тарифтік саясат инфляцияны болжанған аралықта ұстауды қамтамасыз ету үшін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін реттеліп көрсетілетін қызметтердің инфляцияға үлесінің шеңберінде жүргізіледі.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қазіргі уақытта Агенттік табиғи монополиялар саласында 1600-ден астам қызмет көрсететін 1078-нан астам субъектінің қызметін реттейді, оның ішінде:
су-кәріз жүйелері саласында - 862;
электр және жылу энергетикасы саласында - 465;
көлік саласында - 241;
мұнай және газ тасымалдау саласында - 51.
Бұдан басқа, реттелетін нарықтың 375 субъектісінің қызметтері реттеледі және 1000-нан астам лицензиаттың қызметі бақыланады.
3.2 Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларын реттеу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдау
Күшті жақтары:
Субъектілердің қызметін реттеу экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін тұтынушылардың және табиғи монополия субъектілері мен реттелетін нарық субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып жүзеге асырылады.
Әлсіз жақтары:
1. Субъектілердің негізгі құралдарының табиғи және моральдық тозуы мен техникалық жағдайы.
Тозығы жеткен негізгі құралдар баяу қарқынмен жаңартылады.
Жалпы барлық субъектілердің, әсіресе коммуналдық сектордың салалық жағдайы, тозған өндірістік қорларды жаңғырту мен жаңартудағы имвестициялардың іс жүзінде төменгі деңгейін сиппатайды.
2. Субъектілер желілеріндегі ысыраптардың жоғары деңгейі.
Мүмкіндіктер:
1. Субъектілер қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін ынтыландыру жасауға, тиімсіз шығындарды төмендету қажеттілігіне, кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты проблемалық мәселелерді шешу:
1) аса жеңілдікті жағдайларда ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға, экономиканың тұрақсыздағына байланысты тәуекелдерді төмендетуге жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік шығындарды төмендетуге ынталандыратын шекті тарифтерді бекіту жолымен жүзеге асырылады.
Шекті тарифтерді есептеу кезінде елдің дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері ескеріледі, сондай-ақ субъектілердің өндірістің тиімділігін арттырудан алған табыстарына дербес билік ету мүмкіндігі бар.
2) өңірлік электр желілері компанияларын (бұдан әрі - ӨЭК) қызметін салыстырмалы талдау нәтижелерінің негізінде тарифтерді қалыптастырудың баламалы әдісін енгізу.
Осы әдістің басымдығы белгіленген тарифтік табыстар шегіндегі шығыстарды субъектінің дербес бөлуі және оңтайландыруы болып табылады.
Көрсетілген әдісті енгізу Агенттікке көптеген факторларды ескере отырып, ӨЭК қызметінің тиімділігін бағалауға және кімнің қызметі аса тиімді екенін, оларды көшбасшы субъектінің үлгісімен салыстыруға мүмкіндік береді;
3) тұтынушыларды су ресурстарын ұтымды пайдалануға ынтыландыруға жәрдемдесетін сумен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылардың топтары және (немесе) түтыну көлемдері бойынша сараланған тарифтер енгізу.
2. Нормативтік техникалық ысыраптарды жою және міндетті түрде төмендету жөніндегі жоспарларды субъектілердің міндетті түрде әзірлеуін және іске асыруын көздейтін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманың талаптарын іске асыру.
Қауіп-қатерлер:
1) өндірістердің тозуына және технологиялық жағынан артта қалуына және осыған байланысты тиімділігінің төмендеуі мен ысыраптарға алып келетін қайта құрылымдау мен жаңғырту жөніндегі инвестициялық міндеттемелердің орындалмауы;
2) инфляция деңгейінің берілген өлшемдерден асып кетуі макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін;
3) Агенттік жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шешімдер мен тиісті нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау Агенттіктің мақсаттарға қол жеткізуіне әсер етуі мүмкін.
3.3 Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларын реттеуді дамытудың негізгі проблемалары, үдерістері мен алғышарттары
Барлық салалардағы, әсіресе коммуналдық сектордағы субъектілердің жай-күйі тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңғыртудағы және жаңартудағы инвестициялардың төмен деңгейін сипаттайды. Тозығы жеткен негізгі құралдар баяу қарқынмен жаңартылуда.
Негізгі өндірістік қорлардың баяу жаңартылуы инвестициялық салымдардың жеткіліксіз деңгейіне тікелей байланысты. Айталық, 2006 жылы су Кәрізі жүйелері саласының базалық өңірлік субъектілеріне бар болғаны 1,1 млрд. теңгеге инвестиция салынды. Электр энергиясын беру және тарату саласының базалық субъектілері 2006 жылы күрделі салымдарды 11,6 млрд. теңге сомасында ғана игерді, бұл ретте осы күрделі салымдардың негізгі үлесі (61 %) жүйелік оператор - «КЕGОС» АҚ-ға келді. Жылу энергетикасының базалық кәсіпорындарына салынған инвестициялар 2006 жылы 5,2 млрд. теңгені құрады.
Осы жағдай жеке капиталдың табиғи монополиялар саласына инвестициялар салуға қызығушылығының болмауы салдарынан да қалыптасты, оның негізгі себептері:
1) қажетті инвестициялық салымдардың ауқымды мөлшері;
2) инвестициялардың өзін өзі анықтау кезеңінің ұзақтығы;
3) «ұзақ» және барынша «арзан» кредиттік ресурстардың шектеулі болуы;
4) инвестициялардың өзін өзі ақтау бөлігінде жүргізіліп отырған тарифтік саясатты анық түсінудің жоқтығы болып табылады.
Санамаланған факторлар қазіргі кезде қолда бар негізгі құралдардың тозуына әсер етті, ол коммуналдық сектордың барлық табиғи монополиялар салалары бойынша орта есеппен 60 - 65 %-ды құрайды. Тұтастай алғанда, коммуналдық сектордың базалық субъектілері бойынша 2004 - 2006 жылдары тозу көрсеткішінің серпіні оны төмендетуге үдерістің жоқтығын куәландырады.
Өндірістік активтердің жай-күйі мен субъектілер желілеріндегі энергия ысыраптарының жоғары деңгейінің проблемасы да өзара байланысты болып отыр. Бұл ретте тарифтердің шығын бөлігіне енгізілетін өзіндік құнның құрылымында нормативтік техникалық ысыраптар 50 %-ға дейін құрайды. Ысыраптың нақты мөлшері одан да жоғары, мәселен, сумен жабдықтауда 60%-ға дейін жетеді. Осы өлшемдердің тұрақты өсу үдерісі уәкілетті органның нормативтік техникалық ысыраптарды бекіту жөніндегі функцияларды алуына орай, 2006 жылдың екінші жарты жылдығында түбегейлі өзгерді. 2007 жылы жүзден астам субъектіде нормативтік техникалық ысыраптар төмендетілді. Бірақ дамыған елдердің көрсеткіштеріне жету үшін техникалық, қаржылық және ұйымдастыру сипатындағы түбегейлі кешенді шаралар қабылдап, оларды іске асыру қажет.
Коммуналдық сектордың барлық базалық субъектілерінде құндық және нақты көріністе еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің серпіні өте әлсіз өсу үдерісін көрсетеді. Көптеген кәсіпорындар бойынша бір жұмысшыға шаққанда өнім шығару (қызметтерді өткізу) көлемі көрсеткішінің құндық көріністе төмендеуі орын алып отыр. Бұл тиімсіз менеджмент проблемаларының болуын айғақтайды, ол әсіресе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын субъектілерге тән.
Тұтастай алғанда, табиғи монополиялар саласындағы жағдай жүйелік сипаттағы техникалық және қаржылық проблемалардың ортақ болуын көрсетеді, бұл:
1) өндірістердің тозғандығы және технологиялық жағынан артта қалуы мен осыған байланысты төмен тиімділік пен ысыраптар;
2) жаңғыртуға инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі және қаржыландыру тетіктерінің дамымағандығы;
3) тиімсіз менеджмент.
Көрсетілген проблемаларды шешу үшін салалық реттеуіш ретінде агенттіктің стратегиялық бағыты болып 2010 - 2014 жылдар кезеңіне арналған тиісті іс-шаралар жүргізу жөнінде жұмыс жалғасатын табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету белгіленген.
Сонымен бірге, пәрменді көтермелеусіз айтарлықтай ілгерілеу болмайды.
3.4 Реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап субъектілерді нормативтен тыс ысыраптарды, олар бар болған жағдайда, оларды жою жөніндегі іс-шаралар әзірлеп, іске асыруды міндеттейтін нормалар қолданылады, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде нормативтен тыс ысыраптарды жою бес жылдан аспауға тиіс, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімде төмендетуді міндеттейтін нормалар қолданылады.
Бұдан басқа, Заңда субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметалардың және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (қуаты аз субъектілерді қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысырап болған кезде, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын олар қолданысқа енгізілгенге дейін тоқсан күннен кешіктірмей өтініммен бірге табыс етуге міндетті екені көзделген.
Сондай-ақ, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережесіне субъектілердің нормативтен тыс ысыраптарды жою және нормативтік техникалық ысыраптарды міндетті түрде төмендету жөніндегі жоспарларды міндетті түрде әзірлеу мен іске асыру талабын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, Агенттік мұндай шараларды нормативтен тыс ысыраптар толық жойылғанға дейін және ысыраптардың деңгейі әлемдік параметрлерге жеткенге дейін қолданатын болады.
Базалық субъектілер бойынша нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейі 2006 жылы электр энергиясы бойынша - 15,7 %-ды, жылу бойынша - 20,7 %-ды, су бойынша - 31,7 %-ды құрады.
Агенттіктің нормалау және нормативтік техникалық ысыраптардың мәселелері жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, нормативтік техникалық ысыраптар деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды өткізу нәтижесінде осы параметрлердің тұрақты өсу қарқыны түбегейлі өзгерді.
2007 жылы Агенттік осы ысыраптардың деңгейін 120 субъектінің 151 өтінімі бойынша төмендетті. 2008 жылы қаралған 197 өтінімнің 99 өтінімі бойынша (50 %) ысыраптардың мөлшерлері бұрын қолданыста болған деңгейлерден төмендетілді. Барынша төмендету 67,2%-ды құрады. Аталған шара осы фактордың тарифтердің деңгейіне ықпалын әлсіретуге мүмкіндік берді.
Табиғи монополиялар салаларында өндірістердің тозу және технологиялық жағынан артта қалу және осыған байланысты тиімділіктің төмен болуы мен ысыраптар проблемасы да бар.
Қазіргі уақытта коммуналдық сектордағы табиғи монополиялардың барлық салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60-65 %-ды құрайды.
Бұл ретте субъектілердің көпшілігінде желілерді жаңғыртуға және реконструкциялауға, желілердегі ысыраптарды төмендетуге бағытталған инвестициялық бағдарламалары болған жоқ. 2008 жылы 1007 субъектінің 11-і ғана белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыра отырып, жұмыс істеді. 2009 жылы 997 субъектінің 44-і бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыра отырып, жұмыс істеді.
Сонымен бірге, коммуналдық сектор даму мен жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін едәуір инвестициялық әлеуетті, ішкі резервтерді иеленді.
Қазіргі кезде коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай жұмыс жүргізілуде:
электр станцияларының топтары үшін электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді;
сараланған тарифтер:
республика өңірлері бойынша тәулік аймақтары бойынша және тұтыну көлемдері бойынша (жеке тұлғалар үшін) электр энергиясына;
республиканың 13 өңірінде тұтынушылар топтары бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне енгізілді;
орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған шекті тарифтер бойынша жұмыс істейтін субъектілердің санын көбейту жоспарлануда, бұл реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және олар инвестициялық тартымды болады.
2009 жылы инвестициялық (орташа және ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша қызметтер көрсететін субъектілердің саны 2008 жылмен салыстырғанда 4 есе өсті және 21 бірлікті құрады.
Осылайша, тұтынушылар үшін тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдығы, активтерді жаңғыртуға инвестициялар салу есебінен қызметтердің сапасын көтеру қамтамасыз етіледі. Бекітілген инвестициялық (орташа және ұзақ мерзімді) тарифтердің шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялардың жалпы көлемі базалық (ірі) субъектілер бойынша ғана шамамен 287 млрд. теңгені құрайды.
Оның ішінде:
электр энергетикасы саласында - 43 787 млн. теңге сомасында (қосымша 35 млрд. теңге бюджет қаражаты) инвестициялары бар 11 субъект;
жылу энергетикасы саласында - 11 839 млн. теңге сомасында (қосымша 23 млрд. теңге бюджет қаражаты) инвестициялары бар 5 субъект;
құбыржолы тасымалы саласында - 2 016 млн. теңге сомасында инвестициялары бар 4 субъект;
темір жол көлігі саласында - 130 млрд. теңге сомасында (оның ішінде 59 млрд. теңге - бюджет қаражаты) инвестициялары бар 1 субъект.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер бесжылдық кезеңге есептелген жоспарлар мен кестелерге сәйкес нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету және нормативтен тыс ысыраптарды жою жөнінде жұмыс жүргізуде.
2009 жылдың қорытындылары бойынша нормативтен тыс ысыраптары бар барлық реттелетін базалық субъектілер Нормативтен тыс ысыраптарды жою жөнінде және нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімде төмендету жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, іске асыруда.
Сөйтіп, 2009 жылдың қорытындылары бойынша базалық субъектілердің нормативтен тыс ысыраптарды төмендету проценті:
электр желілерінде - 1,53%;
жылу желілерінде - 1,82%;
су шаруашылығы желілерінде - 3,3% құрады.
2009 жылы нормативтік техникалық ысыраптарды бекітілгеннен төмендету проценті:
электр желілерінде - 1,2%;
жылу желілерінде - 1,5%;
су шаруашылығы желілерінде - 6,57% құрады.
Сумен жабдықтау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларының бірі тұтынушылардың топтары және (немесе) суды тұтыну көлөмдері бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу болып табылады.
Осыған байланысты, 2009 жылы Су шаруашылығының және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер есептеудің әдістемесі әзірленді және бекітілді.
Сондай-ақ, республиканың өңірлерінде тәулік аймақтары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер енгізілді. 2009 жылдан электр энергиясына тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер енгізу басталды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына 1997 жылғы 11 қазандағы Жолдауында: «Қазақстан дүниежүзілік көлік - коммуникация жүйесінің бір бөлігі болуға тиіс...» деген міндет қойды.
2008 жылғы 5 шілдеде экономиканың әртүрлі салаларындағы концессияның тартымдалығын көтеру үшін оның мәселелерін одан әрі реттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Көлік саласын дамыту аясындағы мемлекеттік баға саясатын іске асыру және концессия шарттары бойынша реттеліп көрсетілетін темір жол көлігі объектілерімен темір жол саласындағы қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) және әуежайларр саласындағы қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеу тетіктерін анықтау мақсатында Агенттік 2009 жылы Концессия шарттары бойынша көрсетілетін темір жол көлігі объектілерімен қоса темір жол қызметтеріне арналған әдістемесін және Концессия шарттары бойынша әуежайлардың қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу әдістемесін әзірледі.
Темір жол секторын табиғи-монополиялық және бәсекелестік салаларға бөлу процесінде бірыңғай Прейскурант мынадай төрт бөлікке бөлінген: магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тартым, жүк және коммерциялық жұмыстар, вагондарды пайдалануға беру. Осы прейскуранттарға теңгеге аударуды және қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардың өсуін жабуды болжайтын жоғарылату коэффициенті қолданылады.
Осыған орай, Агенттік Табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес бастапқы есепке негізделген тарифтер есептеуді көздейтін жүктердің түрлері, тасымалдардың түрлері, жылжымалы құрамның үлгісі, поездың санаты, бағыты ескерілген Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесін әзірледі.
Қазіргі кезде магистралдық темір жол желісі операторы 2008 жылы «Еrnst аnd yоung» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аудиторлық компаниясы әзірлеген және Агенттікпен келісілген Табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есептерін жүргізу әдістемесін енгізу кезеңін жүргізуде. Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесін автоматтандыру бойынша жұмыс қатар басталды.
Бүгінгі күні әуежайлар саласындағы тарифтік саясаттағы негізгі проблемалардың бірі оларда жұмысбастылықтың болмауының салдарынан көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендігі болып табылады.
Сонымен қатар, Еуропаны Азиямен, Оңтүстік Шығыс Азиямен жалғастыратын Қазақстанның әуе трассаларының орналасуын ескере отырып, халықаралық әуе қатынастарын кеңейтудің және қазақстандық әуе компанияларының жақын және алыс шетелдерге ұшуларын арттырудың едәуір әлеуеті бар.
Осылайша, әуежай алымдарына тарифтерді төмендету жерде қызмет көрсету көлемін ұлғайтқан жағдайда мүмкін болады, ол жаңа бағыттардың пайда болу және авиатасымалдау нарығында бәсекелестікті дамыту есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Аэронавигация саласында тарифтік саясатты жетілдіру әлемдік нарықта аэронавигациялық қызметтер бәсекесінің шиелесуіне және біздің республика арқылы шетелдік авиакомпаниялардың транзиттік рейстері ағынының кемуіне байланысты.
Бүгінде жолаушыларға жағымсыз салдарларды азайтуды ескере отырып, қазіргі бар тарифтерді саралау мәселесі осы саланы реттеудегі негізгі проблемалар болып отыр.
Сонымен бірге, қолданыстағы табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада субъектілерді реттелетін тарифтерге уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту арқылы тарифпен икемді реттеу мүмкіндігі, сондай-ақ субъектілерге:
реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін ұлғайтқан;
негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының шығындарын, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру шығындарын қоспағанда, субъектінің нақты шығындарын қысқартқан;
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес субъектілер жүзеге асыратын өзге қызмет түрлерінен елеулі табыс тапқан;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді дербес төмендету мүмкіндігі көзделген.
Бұдан басқа, Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес реттелетін нарық субъектілері баға белгілеуге жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған шекті бағаны көтерместен, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.
Алдағы кезеңде:
субъектілер қызметтерінің тиімділігін практикаға ынталандырушы реттеудің жаңа әдісін - өңірлік электр желісі компаниялары (бұдан әрі - ӨЭК) қызмет тиімділігінің дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін салыстырмалы талдауды енгізу жолымен арттыруды көздейді, бұл табиғи монополиялар субектілерінде қызметті және қызметтер көрсету технологияларын оңтайландыруға түрткі болады;
сумен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылар топтары және (немесе) тұтыну көлемдерді бойынша сараланған тарифтер енгізу, ол аса қолайлы жағдайларға, сондай-ақ суды коммерциялық мақсатта пайдалануға сәйкес қызметтерге төленетін ақыны саралауды көздейтін әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
реттелетін нарық субъектілеріне реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қою мүмкіндігін бағалардың белгіленген деңгейінен асырмай беретін, реттелетін нарық субъектілерінің қызметтеріне бағалардың шекті деңгейлерін енгізу көзделеді. Бұл ретте реттеуіш орган сараптама жүргізу кезінде бағаларды төмендетуге құқылы.
Экономика салаларын дамытуға әсер ететін тарифтерді өзгерту инфляцияның жоспарлаған дәлізін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген инфляция деңгейінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлесін ескере отырып, көзделеді.
Табиғи монополиялар субъектілерін өнімділікті арттыруға және шығындарды төмендетуге ынталандыру үшін нормативтен тыс ысыраптарды жою мен нормативтік ысыраптарды қысқарту негізінде тарифтер есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.
3.5 Орын алып отырған проблемаларды шешу жөніндегі шетелдік оң тәжірибені шолу
Тұтыну көлеміне қарай сараланған (сатылы) тарифтерді әлемдік практикада қолдануды талдау елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін сатылы тарифтердің бірнеше деңгейі қажет екендігін көрсетті.
Мысалы, Қытайдың Гонконг қаласында 3 деңгей белгіленген: 1-деңгей - 150 кВт сағ. дейін, 2-деңгей - 151 бастап 1000 кВт сағ. дейін, 3-деңгей - 1000 кВт сағ астам; Шанхай қаласында төлемақы төрт деңгейлі тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ сатылы тарифтер Жапонияда (3 деңгей), Оңтүстік Кореяда (5 деңгей), Мысырда (6 деңгей), БАӘ-де (4 деңгей) және басқа да елдерде қолданылады.
Көпжылдық реттелетін кезеңді және тиімділіктің салыстырмалы талдауын пайдалана отырып, ынталандыру негізінде реттеу реттеудегі тексерілген алдыңғы қатарлы әдіс болып табылады.
Оны реттеу органдары Еуропалық Одақта қолданады. Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының көптеген мүшелері (ЕRRА) ынталандыру негізінде реттеуді енгізді не пайда нормасы бойынша реттеуден өсу шегінің негізінде реттеуге көшуге дайындалуда.
Ынталандырушы реттеу алғаш рет Ұлыбританияда 1984 жылы British Telecoms-қа қатысты кеңінен қолданылған болатын және компания шығындарын төмендету үшін қуатты түрткі боларлықтай әзірленді. Бұл бағаларды белгілеу немесе компания көптеген жылдар бойы осы уақыт аралығында болатын шығындарына қарамастан алатын пайда арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ компанияға жақсарудың болжанып отырған деңгейінен тыс тиімділіктің кез келген жақсаруынан ішінара болса да пайда табуға рұқсат беру арқылы қол жеткізіледі.
ІРАRТ (Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльстің реттеу органы) әрбір лицензиат электр энергиясын таратуда жыл сайын таба алатын табысқа доллармен абсалюттік лимит белгілейді. Бұл шек 1996 - 1997 жылдарда абсалюттік доллар көрінісінде белгіленген болатын. Табыстың ең жоғарғы шегі жыл сайын формула бойынша реттеледі, ол сұраныс жағдайындағы өзгерістерді, клиенттердің санын, берілген МВт/сағ санын және тізбектердің километражын (ауылдық жердің желілері үшін) қоса алғанда, ескереді. Клиенттердің және сатылған МВт/сағ санының ара салмағы шамамен қалалық желілер үшін 70/30 және ауылдық жерлер үшін 75/25 құрайды. Сөйтіп, рұқсат берілген табыстың және көлемдердің арасындағы байланыс табыстылықтың деңгейі бойынша реттеумен салыстырғанда әр жыл сайын қысқарады.
ІРАRТ сұранысты басқару жөніндегі бастамаларды - әдетте табыстылық деңгейін реттеуге тән болатын тиімділікті енгізуге кедергі жасайтын электр энергиясын сатуды ұлғайту ынталарын төмендету мақсатында реттеудің осы үлгісін таңдады.
Реттеудің алғашқы кезеңінде 2001 - 2003 жылдары аралығында DТе голландтық реттеуіш тариф қоржынының шегін қолданған. Желілік тарифтер бенчмаркинг арқылы ашылған өнімділіктің алдағы болатын жақсаруын реттеп бағалау негізінде алдын ала бірнеше жылға белгіленген. Екі — электр және газ монополияларына тарифтерді анықтау үшін негіз ретінде бағалар шегінің негізінде жүйелер қолданылды. Х-факторларды анықтау стратегиясы да бірдей жұмыс жағдайын жасау мақсатында компанияларды бірлесіп жететін деңгейлерге жеткізіп, кейіннен 2004 жылы басталған реттеудің екінші деңгейі кезеңінде шартты (өлшемдік) бәсекелестікті енгізуге негізделеді.
ВNetzA германиялық реттеу органы салыстырмалы талдаудың негізінде ынталандырушы реттеуді енгізу кезінде алдағы реттеу үшін аралас табыстың шегін таңдады, ол 2009 жылы басталды. Мұнда қосылу санының параметрлерінен, қызмет көрсетілетін алаңнан және жүктемеден тұратын аралас элемент орын алады.
NVE норвегиялық реттеуші органы бірінші (1997 - 2001) және екінші (2002 - 2006) кезеңдерде аралас табыстар шегінің негізінде желілердегі бағаны реттеуді қолданды.
Словения мен Румыниядағы реттеу органдары электр желілерін реттеу үшін тарифтің қоржындарының толық емес көзқарастарын ұстанады.
Мысалы электр энергиясын және жылуды реттейтін Румыния органы (ANRE) баға қоржыны шегінің әдістемесін таңдады. Ерекше жағдай ретінде реттеудің бірінші кезеңі (2005 жылы басталды) 3 жылға созылған, одан кейінгі реттеудің әрбір кезеңі 5 жылға созылатын болады. Бағаны реттеудің негізгі формуласы мынадай: 1+СРІ - X, мұндағы бағаның ұлғаюы жылына +18% ең жоғарғы мәнімен шектеледі. Бағаның ұлғаюы теріс X - факторын білдіреді, ол күрделі шығындар бойынша қарқынды жоспарлардың немесе барлық шығындарды көрсетпейтін өткендегі бағалардың және т.б. нәтижесі болуы мүмкін.
Алдыңғы мысалдан айырмашылығы Болгарияның реттеуші органы табыс өсуінің шектерін қолданады. Тарату желілері үшін реттеуіш (SEWRC энергияны және сумен жабдықтауды реттеу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы) 2005 жылы пайда өсуінің шегін енгізді, бұл ретте 2006 жыл 3 жылға белгіленген реттеудің алғашқы кезеңінің бірінші жылы болып табылады.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері 4.1 Бағдарламаның мақсаты
Осы Бағдарламаның мақсаты субъектілердің активтерін жаңғырту мен жаңартуға инвестицияларды бағыттауды және олар ұсынатын қызметтердің сапасын көтеруге ынталандыратын және инфрақұрылымдық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін олардың қызметтерін реттеудің тиімді теңгерімделген жүйесін қалыптастыру болып табылады.
4.2 Нысаналы индикаторлар
4.2.1 Базалық субъектілердің нормативтен тыс ысыраптарын (олар болған жағдайда) төмендету проценті:
Өлшем бірлік |
2010 жылы |
2011 жылы |
2012 жылы |
2013 жылы |
2014 жылы |
|
электр желілерінде: |
% |
1,5 |
1,5 |
1,0 |
0,5 |
- |
жылу желілерінде: |
% |
2,0 |
2,5 |
2,0 |
0,5 |
- |
су шаруашылығы желілерінде: |
% |
2,5 |
1,0 |
0,5 |
0,4 |
- |
4.2.2. Базалық субъектілердің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітілгеннен төмендету проценті:
Өлшем бірлік |
2010 жылы |
2011 жылы |
2012 жылы |
2013 жылы |
2014 |
|
электр желілерінде: |
% |
1,3 |
1,0 |
0,5 |
0,2 |
0,1 |
жылу желілерінде: |
% |
1,5 |
1,8 |
1,0 |
0,3 |
0,1 |
су шаруашылығы желілерінде: |
% |
2,6 |
2,0 |
2,0 |
1,0 |
1,0 |
4.2.3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің болжамы (ұлттық валюта бағамының, газ, көмір мазут құнының тұрақтылығы және көрсетілетін қызметтер көлемінің өзгермейтіндігі жағдайында)
4.2.3.1. Электр энергиясына босату бағаларының өзгеруі:
Қызметтердің атауы |
Өлшем бірлік |
2010 жылы |
2011 жылы |
2012 жылы |
2013 жылы |
2014 жылы |
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен |
теңге/кВт сағ. |
10,14 |
11,09 |
12,33 |
13,48 |
14,65 |
4.2.3.2. Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған тарифтерді өзгерту болжамы
Қатынас түрі |
Өлшем бірлігі |
болжам |
||||
2010 жылы |
2011 жылы |
2012 жылы |
2013 жылы |
2014 жылы |
||
облысаралық қатынастарда |
% |
17,6 |
15 |
15 |
15 |
15 |
экспорттық қатынастарда |
% |
17,6 |
15 |
15 |
15 |
15 |
4.2.4 Реттелетін тарифтер деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Өлшем бірлік |
2010 |
2011 жылы |
2012 жылы |
2013 жылы |
2014 жылы |
|
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субъектілерінің саны |
дана |
12 |
15 |
11 |
10 |
12 |
4.3 Бағдарламаның міндеттері
Бағдарламаның міндеттері табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге негізделген тиімді тарифтік саясат жүргізу болып табылады, олар:
1) субъектілердің активтерін, әсіресе ескірген активтерін жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялар салуға ынталандыруға;
2) субъектілердің ысыраптарының деңгейлерін тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін ысыраптардың деңгейлері бойынша ынталандырушы шектеулерді кезең-кезеңмен белгілеу арқылы төмендетуге;
3) субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығын арттыруға;
4) тиімсіз шығындарды төмендетуге уәждемені көтеру және инвестицияларды ынталандыру мақсатында тиімділік факторын қолдану негізінде тариф есептеуді қамтамасыз ететін тарифтер есептеу әдіснамасын қалыптастыруға;
5) орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін субъектелердің санын ұлғайтуға;
6) тарифтерді бекіту рәсімдерінің ашықтылығын қамтамасыз етуге;
7) электр энергиясына және суға тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізуге;
8) нормативтен тыс ысыраптарды жою және нормативтік техникалық ысыраптарды оңтайландыруға;
9) шикізат пен материалдар, отын мен энергия шығысының, әкімшілік шығыстардың нормаларын оңтайландыруға;
10) субъектілер тарифтерінің негізсіз өсуін болдырмау және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Агенттік реттейтін қызметтердің инфляцияға үлесін асыруға жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталған.
4.4 Нәтижелердің көрсеткіштері
2014 жылға базалық субъектілердің желісіндегі нормативтен тыс ысыраптарды толық жою болжанып отыр.
2014 жылы нормативтік ысыраптардың деңгейі тұтынушыға жылу энергиясын тасымалдау кезінде 20%, суды тасымалдау кезінде - 19% және электр энергиясын тасымалдау кезінде - 15% құрайды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясын босату бағасы орта есеппен 14,65 теңге/кВт сағ. құрайды.
2011-ден 2014 жылға шейін облысаралық және экспорттық қатынастарда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған тарифтерді жыл сайын 15% -ке ұлғайту жоспарлануда.
2014 жылы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша 80-нен астам базалық субъектілер жұмыс істейтін болады.
Бағдарламының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жауапты болып табылады және басқа да мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қажеттілігі болмайды.
Инфляцияны жоспарланған аралықта ұстауды қамтамасыз ету үшін тарифтік саясат жыл сайын айқындалатын реттелетін қызметтердің үлесін көтермеуді ескеріп жүргізіледі.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
5.1 Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
Ескерту. 5.1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 449 қаулысымен.
Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф белгілеу жүйесін жетілдіру экономика салаларының дамуына тарифтердің әсер етуін бағалау аспаптарын қолдана отырып жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу және оңтайлы тарифтер белгілеу әдіснамасын жетілдіру іс-шаралары экономика секторларын, салалық даму бағдарламаларында берілген даму бағыттарын және жүргізіліп отырған реформаларды іске асыру қарқынын ескеретін болады.
Субъектілердің шығындарды төмендетуге ынталандыратын реттеудің неғұрлым прогрессивті үлгілеріне біртіндеп әрі бірізділікпен көшу қажет. Ол үшін тиімсіз шығындарды төмендетуге уәждемені көтеру, субъектілердің активтерін жаңғыртуға бағытталатын инвестицияларды жүзеге асыру үшін ынталар жасау және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиімділік факторын қолдану негізінде тарифтің деңгейін бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ететін ынталандырушы реттеуді енгізу мәселесін пысықтау жоспарлануда.
Осыған байланысты:
субъектілердің активтерін, әсіресе ескірген активтерін жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялар салуға ынталандыруға;
субъектілер ысыраптарының деңгейлерін тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін ысыраптардың деңгейлері бойынша ынталандырушы шектеулерді кезең-кезеңмен белгілеу арқылы төмендетуге;
субъектілері ұсынатын қызметтердің сапасын көтеруге;
инфрақұрылмдық салалардың бәсекеге қабілеттігін көтеруді қамтамасыз ететін субъектілер қызметтерінің менеджментін және көрсеткіштерін жақсартуға;
субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығын арттыруға;
тиімсіз шығындарды төмендетуге уәждемені көтеру және инвестицияларды ынталандыру мақсатында тиімділік факторын қолдану негізінде тириф есептеуді қамтамасыз ететін тарифтер есептеу әдіснамасын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу жоспарларын отыр.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздағы Заңында өңірлік электр желілері компанияларының (бұдан әрі - ӨЭК) тарифтерін бекіту кезінде салыстырмалы талдау әдісін енгізуге бағытталған түзетулер қабылданған, оның артықшылығы субъект шығыстарын белгіленген тарифтік табыс шегінде дербес үлестіріп, оңтайландырады. Сонымен қатар, активтердің құнындағы елеулі айырмашылық ескеріле отырып күрделі шығындарды (амортизация және пайда) айқындау тәсілі өзгеріссіз қала береді.
Осы Заңда көрсетілгендей салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тарифтің есеп-қисабы әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып үш жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп жыл сайын түзетіледі.
Сондай-ақ аталған Заңда көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жылдағы) және (алдағы күнтізбелік үш жылға) жоспарланып отырған шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ техникалық-экономикалық қызмет көрсеткіштері туралы ақпаратты негіздеуші материалдарды қоса бере отырып ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайтыны белгіленген.
Осыған байланысты, аталған тәртіп бойынша ережелер Заңды іске асыруға әзірленген нормативтік құқықтық актілерде ескерілген.
Аталған Заңға сәйкес ӨЭК үшін салыстырмалы талдау әдісі қолданыла отырып тарифтер 2013 жылдан бастап енгізіледі.
ӨЭК үшін өтпелі кезең ретінде 2011 - 2012 жылдарға тарифтер бекітілген инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ететін орташа мерзімді кезеңге бекітілетін болады.
Бұдан басқа, осы Заң реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеуге өзгеріс енгізілді.
Бұрын реттелетін нарық субъектісінде бағаны төмендету мүмкіндігі болған, бірақ кейін оны көтеру үшін Агенттікке қайтадан хабарлама беруге тиіс еді, ол тауар нарықтарында бағаларды төмендетуді тежеу факторы болып табылатын.
Осылайша, реттелетін нарық субъектісіне тауар нарықтарындағы бағалардың өзгеруіне келісілген бағаның шеңберінде төмендету немесе көтеру арқылы жедел ден қоюға мүмкіндік бермейтін.
Көрсетілген Заңда реттелетін нарық субъектілері үшін негізделген (шекті) бағаның ұғымы көзделген, оның шегінде ол нарықта болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоя (бағаны төмендете) алады. Бұл ретте бағаны негізделген (шекті) бағадан өздігінен көтерген жағдайда, реттелетін нарық субъектісіне ден қою шаралары қолданылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру және нарық субъектілерінің бағаларын нарық жағдаяттарының өзгеруі кезінде төмендету мақсатында бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша және баға белгілеуді бақылау шеңберінде (шағымдарды, ақпаратты және т.б. қарау нәтижелері бойынша) уәкілетті органға субъектінің бағасына сараптама жүргізу құқығы берілген.
Көрсетілген түзетулер реттелетін нарық субъектісінің негізделген (шекті) бағаның шеңберінде бағаны өзгертетін мүмкіндігі арқылы оны бағамен икемді реттеуді қамтамасыз етеді.
Аталған Заңды іс асыруда жаңа нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қолданыстағыларға тиісті түзетулер енгізілді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысымен Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесі бекітілді, оның мақсаты суды және тұтынушылардың қаражаттарын үнемдеу болып табылады;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 537 қаулысымен субъект шекті бағаны көтерместен, уәкілетті орган бағаға жүргізген сараптаманың нәтижелері бойынша өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендету және көтеру құқығын көздейтін түзетулер енгізілген.
Бұдан басқа, көрсетілген Заңды іске асыруда 2010 жылы су шаруашылығы жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу әдісі көзделген.
Темір жол саласына инвестицияларды тартуға бағытталған тарифтік саясат қазіргі кезде ең өзекті болып отыр, өйткені темір жол саласының алдында тұрған аса өткір проблемалардың бірі негізгі құралдардың тозуы, болып табылады.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған субъектінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын қайта құрылымдауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған қосымша инвестицияларды тарту мақсатында темір жол көлігі саласындағы субъектілерге инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) жобаларды бекіту қажет.
2013 жылға жүк және жолаушылар тасымалдау саласында жаңа тарифтік саясат іске асырылатын және магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне шекті тарифтер ұзақ мерзімге бекітілетін болады.
Бөлектеп есепке алудың енгізілуіне және оның іс жүзінде қолданылуына қарай Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НК, бұйрығымен бектілген Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.
Бұдан басқа, Агенттік Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру шеңберінде қатынастар бойынша магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерді бір ізге түсіру жұмыстарын сезімтал тауарларды және елдің экономикасына тигізетін әсерін ескере отырып, жүргізуде.
Сонымен, қазіргі кезде барлық қатынас түрлері бойынша түсті, қара металдарды және олардың илектерін, түсті және қара металдар сынықтарын, шикізатты, материалдар мен құрылыс бұйымдарын тасымалдауға тарифтер бір ізге түсірілді, сондай-ақ республика ішіндегі және импорттық қатынастарда шикі мұнай мен астық тасымалдау тарифтері бір ізге түсірілді.
Сондай-ақ 2012 жылы іштегі және импорттық қатынастардағы тарифтерді бір ізге түсіруді жүргізу жоспарланып отыр.
Концессиялық негізде теңіз порты жеке құрлымдарының мүмкін болатын құрылысы ескеріліп, 2011 жылы концессионер салған инвестициялардың өзін-өзі ақтауын және оның негізді сыйақы (пайда) алуын ескеретін концессия шарты бойынша порттың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін әзірлеу көзделуде.
Негізгі өндірістік қорлардың (ұшу-қону жолақтары және терминалдар) тозуы және өңірлік әуежайларда батыста шығарылған әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін қазіргі заманғы арнаулы техниканың болмауы, шығындар ұлғайған кезде әуежайлардың қызмет көрсетуді жеткілікті көлемде тартпауы әуежайлар қызметінің тиімділігіне теріс әсер етуі, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өсуіне алып келуі мүмкін.
Осыған байланысты, әуежайлар саласындағы субъектілерге тарифтік кіріс есебінен активтерін жаңарту үшін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) жобаларды бекіту қажет.
2010 жылғы 15 шілдеде «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Осы Заңға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп әуежай қызметінің құрамына кіретін қызметтердің осы қызметтерге кіретін операцияларды қосып, тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) бекітуге міндетті.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.
Осыған байланысты, әуежай қызметінің құрамына кіретін қызметтердің осы қызметтерге кіретін операцияларды қосып, қызметтер тізбесін бекіткеннен кейін «Әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланыстағы қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттіктің бірлескен бұйрығының жобасын әзірлеу қажет.
Әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесін анықтау мақсатында осы салалар шеңберінде көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін қызметтер қатарына жатқызу мәніне талдау жасауды жүргізу қажет.
Республика әуежайларында қондыру көлемдерін арттыру мақсатында қолданыстағы әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілген қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициеттерін қолдану ережелерін қайта қарау, оның ішінде, реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтеріне 30%-тен жоғары мөлшерде жеңілдіктерді әуежайлардың дербес қолдануына мүмкіндік беру ұсынылады.
Сонымен қатар аэронавигация саласында тарифтік саясатты жолаушыларға жағымсыз салдарларды негізінен азайтуды ескеріп одан әрі жетілдіру қажет.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында:
коммуналдық сектордағы кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ынталандыратын тарифтік реттеудің жаңа әдістеріне және тариф белгілеудің қолдағы бар әдістерін кеңінен пайдалануға негізделетін өлшенген тарифтік саясатты жүргізу;
инвестициялық (орта және ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын ұлғайту;
инвестициялардың мақсатты тағайындалуына мемлекеттік бақылауды, тарифтік сметаның орындалуының қаржылық тәртібін күшейту қажет, ол үшін бақылау әдістерін жетілдіру, мемлекеттік органдардың тиісті функцияларын заңнамалық тұрғыда бекіту мәселелері қаралады;
тұтыну көлемдері бойынша сараланған тарифтерді енгізу және техникалық ысыраптарды нормалаудың жаңа тәсілдерін қолдану бөлігінде энергияны үнемдеу, энергия үнемдеуді насихаттау іс-шараларын іске асыру қажет.
Осыған байланысты, электр энергиясына тарифтерді тұтыну көлеміне қарай саралауды енгізу жұмыстарын қазіргі бар екі деңгейліктен саралаудың үшінші деңгейін енгізіп, үш деңгейлі жүйеге көшірумен жалғастыру қажет.
Тұтынушыларды суды тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында Агенттік тұтынушылар топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтерді енгізу жұмыстарын жалғастырып отыр.
2009 жылдан бері тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу жұмысы басталды. Сөйтіп, сараланған тарифтер Қазақстан Республикасының 13 өңірінде енгізілді. Арналардың қосымша табысы шамамен 13,2 млрд. теңгені құрайды.
2010 жылы сумен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылар топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша сараланған тарифтерді енгізудің дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның аяқталуы 2014 жылға жоспарланып отыр.
Нормативтен тыс ысыраптарды жою және нормативтік техникалық ысыраптарды міндетті түрде төмендету жөніндегі Жоспарларды субъектілердің міндетті түрде әзірлеуі мен іске асыруын көздейтін, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманың талаптары іске асырылады.
Бұл ретте, 5 жыл ішінде жыл сайын нормативтік ысыраптарды 1-2%-ға төмендету қарастырылады.
Табиғи монополиялар саласындағы әлсіз техникалық жағдай және субъектілердің негізгі құралдарының табиғи және едәуір нақты тозуы, нормативтік техникалық ысырыптардың жоғары деңгейі және нормативтен тыс ысырапттардың бар болуы негізгі проблемалар болып қала береді.
Осыған орай жоғарыда көрсетілген мәселенің шешімін Агенттік негізгі жұмыс бағыттарының ішінде көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2010 жылғы 22 қаңтарда өткен кеңестің № 01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, Бәсекелестікті Қорғау агенттіктері, Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері субъектілердің инвестициялық міндеттемелерді міндетті түрде орындауын белгілеуді және келісімшарттардың талаптарын орындамаған кәсіпорындарды мемлекеттік меншікке қайтару мүмкіндігін көздейтін заңнамалық сипаттағы ұсыныстар әзірледі.
Ұсыныстар өндірісті жаңғырту жөніндегі инвестициялық міндеттемелерді орындау мәніне субъектілерге және энергия генерациялайтын ұйымдарға 2010 жылдың наурыз айында жүргізілген тексерулер нәтижесінің негізінде әзірленді, осы тексерулердің нәтижесі жекешелендіру талаптарында және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңында көзделген міндеттемелердің жекелеген кәсіпорындардың іс жүзінде орындамайтынын көрсетті. Осыған байланысты, мыналарды:
энергия өндіруші ұйымдардың, реттелетін нарықтар және субъектілердің инвестициялық міндеттемелерді орындауы үшін жауапкершілігін көтеруді;
көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруді (қуаттарды қайта құру мен жаңғырту және жаңаларын енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу есебінен электрмен жабдықтаудың сенімдігін арттыру, тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлемеген жағдайда электрмен жабдықтауды тоқтата тұру тәртібін регламенттеу);
энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерінің тарифтік табыстың деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етуді;
энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық қызметінің ашықтығын арттыруды;
Қазақстан экономикасының электр энергиясына және қуатқа деген қажетін қамтамасыз етуді көздейтін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы және табиғи мопополиялар субъектілері мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметтерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде:
тарифтер деңгейлерінің ашықтығын, негізділігі мен тұрақтылығын, реттелетін субъектілердің тиімді жұмыс істеуін және негізгі өндірістік қорларын жаңарту мен жаңғыртуға инвестициялардың көлемдерін көтеруді;
субъектілер қызметтерінің тиімділігін тозған өндірістік активтерді жаңғыртуға және кәсіпорындарды басқару (менеджмент) сапасын көтеруге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру арқылы арттыруды;
уәкілетті органның базалық субъектілерге орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге инвестициялық бағдарламаларды бекітуді;
орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер бойынша жұмыс істейін кәсіпорындарын, барлық базалық субъектілердің санын ұлғайтуды;
өңірлік электржелілік компаниялар болып табылатын субъектілерге тарифтер белгілеу кезінде салыстырмалы талдау әдісін қолдануды;
субъектілер ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын энергияны, ресурсты үнемдеу арқылы көтеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін монополистердің қызметтерін реттеудің теңдестірілген кешенді жүйесін қалыптастыру күтіледі.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысына сәйкес «Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберінде қор нарығына шығып жатқан табиғи монополиялар субъектілерін реттеудің нормативтік құқықтық базасын іске қосылған активтердің реттелетін базасын және осы субъектілер үшін іске қосылған активтерге пайда ставкаларының есебін айқындау ерекшеліктерін белгілеу жолымен жетілдіру бойынша бірінші кезектегі шаралар қабылданды.
«Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберінде бағалы қағаздар нарығына акциялардың шығарылуын жүзеге асырған субъектілер үшін тарифтерді белгілеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру инвесторлар мен тұтынушылар мүдделерінің сақталуымен, сондай-ақ орнықты және болжамды негізде инвестицияланған капиталдан кірістің нарықтық нормаларын алу мүмкіндігі ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері
Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджеттен ақшалай қаражат бөлуді көздемейді.
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу мерзімдері |
Болжалды шығыстар (млн. теңге) |
Қаржыландыру көзі |
Бюджеттік бағдарламалар |
|||||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
4-жыл |
5-жыл |
Барлығы |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
1. |
«Қазақстан Республикасының электр (энергетикасы және кейбір заңнамалық актілерін табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің инвестициялық қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ТМРА, ҚжТК ШІА Қаржымині, ИЖТМ, ККМ, АШМ, БАМ |
2010 жылғы IV тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
2. |
Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді реттелетіндер қатарына жатқызу мәніне талдау жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ТМРА, ККМ, БҚА |
2010 жылғы IV тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
3. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне темір жол көлігі және азаматтық авиацияны реттеу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2010 жылғы IV тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
4. |
Магистралдық құбыр жолдары (арқылы газды және мұнайды тасымалдау саласында тариф түзуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат |
ТМРА, МГМ |
2011 жылғы I тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
5. |
Аэронавигация саласында тариф түзуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат |
ТМРА, ККМ |
2011 жылғы II тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
6. |
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2011 жылғы II тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
7. |
Әуежайлардың реттетіліп көрсетілетін қызметтеріне технологиялық байланысты қызметтердің тізбесін әзірлеу |
ТМРА-ның және ККМ-нің бірлескен бұйрығы |
ТМРА, ККМ |
2011 жылғы II тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
8. |
Концессия шарты бойынша көрсетілетін порттың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеудің әдістемесін әзірлеу |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2011 жылғы IV тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
9. |
Магистральдық темір жол қызметтеріне тарифтер бекітуге арналған өтінімдердің шеңберінде магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерді кезең-кезеңмен бір ізге түсіру |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2011 жылғы IV тоқсан, 2012 жылғы IV тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
10. |
Салыстырмалы талдау әдісін ТМРА қолданыла отырып өңірлік электр желілік компаниялар үшін тарифтер бекіту |
ТМРА бұйрықтары |
ТМРА |
2013 жылғы I тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
11. |
Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА, |
2013 жылғы I тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
12. |
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін табиғи монополиялар субъектілерінің электр, жылу және су шаруашылығы желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптарын (олар болған жағдайда) жою |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат |
ТМРА |
2014 жылғы II тоқсан |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі
ТМРАД - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агеттігінің аумақтық департаменттері
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
агенттігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
Каржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
министрлігі