Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 және "Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы" 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 460 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 426-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – күнтізбелік отыз күн;»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде Департамент олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді. Құжаттардың толық және дұрыс болмауы фактілері белгіленген жағдайда Департамент құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыны ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:
      1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
      2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін миссионерлік қызмет болып табылады.»;
      2) «Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік қызметті алушылар ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
      3) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, салудың мақсатын, осы аумақта рухани құндылықтарды қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));
      4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
      Мемлекеттік қызметті алушылар үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
      3) салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектісіне меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) жылжымайтын мүлiк объектісіне ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
      5) салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорттың көшірмесі;
      6) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестік атауын, қайта бейіндеу мақсатын, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));
      7) үйді (ғимаратты) қайта бейіндеу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
      Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде басқарма олардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда басқарма құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыны ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Басқарма үш жұмыс күні ішінде осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар көшірмелерін ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуды, олардың орналасатын жерін айқындауды және үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуді келісу үшін (функционалдық мақсатын өзгерту) аумақтық органдарға жібереді. Келісу он бес жұмыс күні ішінде келiсу не дәлелді негіздемемен келісуден бас тарту туралы хатты жіберу арқылы жүзеге асырылады.»;
      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының және (немесе) құрылыс салу жобаларының, сондай-ақ ауыларалық аумақтар үшін аудандық жоспарлау жобаларының болмауы;».
      мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
      «26. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) шешімін алу тәртібі туралы ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стенділерінен және интернет-ресурстарынан алуға болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады