"Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 463 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 858-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі):
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі):
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы):
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 82 %-нан кем болмауы тиіс.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады