Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз қызметкерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды немесе біліктілігін арттыруды қамтитын, құзыретті органмен және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;";
5-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық қызметiн жүзеге асыратын, бiрақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық кіріктірілген білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жұмыс беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынады.";
үшінші бөліктің 3) тармақшасындағы "жұмысқа орналасуға берілетін рұқсаттарға қолданылмайды." деген сөздер "жұмысқа орналасуға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.";
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жұмыс берушілер қатарындағы:
кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар;
технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын;
"Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған;
шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын;
шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде ерекше шарттар көзделмейді.";
36-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.";
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпараттың нысаны
Р/с | Жұмыс берушінің қызметкерлерінің саны, адам | Тарту жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам | 3 баған + 5 баған | 4 баған + 5 баған |
Шетелдік жұмыс күшінің қызметкерлердің жалпы санына қатысты %, 7 баған/6 баған | ||
Барлығы | оның ішінде шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | 1 және 2 санат | ||||||
2 | 3 және 4 санат | ||||||
3 | БАРЛЫҒЫ |
Ескертпе: шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: _________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.