Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489
«Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы,
арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта
өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
қаулысына
БАСПАСӨЗ релизі
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау мақсатында «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі - Қаулы)қаулысы әзірленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi.
Көрсетілген нормативтік актімен келесі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдері күшiн жойған: «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 278, «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» 2011 жылғы 19 қыркүйектегi № 1072, «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2012 жылғы 31 мамырдағы № 719 қаулылары.
Аталған қаулымен босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесібекітілді. Сонымен қатар - өтініш берушінің Қазақстан Республикасы аталған қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруді заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін мемлекеттік органдарды анықтау.
Болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдары: мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуіне бiрыңғай әдісін қамтамасыз ету; мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi арттыру; мемлекеттiк қызметі көрсету процесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн оңайлатуға, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн, көрсетiлетiн қызметтi алушылар ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, сондай-ақ оны көрсету процесiнiң буындарын қысқартуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру.
Болжанатын тиiмдiлiгi: жеке және заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті іске асыру нысандарының жетілдіру.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі