Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
2008 жылғы 26 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және 2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте жасалған 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2008 жылғы 26 маусымда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы
хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі 2008 жылғы 26 маусымда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Конвенцияның 5-бабының (тұрақты мекеме) 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Тұрақты мекеме» термині мыналарды да қамтиды:
а) құрылыс алаңы, құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісі немесе олармен байланысты байқау қызметтері, егер мұндай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт ішінде жұмыс істесе немесе мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт ішінде көрсетілсе;
b) консультациялық қызметтерді қоса алғанда, Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының қызметшілер немесе осындай мақсаттар үшін кәсіпорын жалдаған өзге персонал арқылы қызметтер көрсету, бірақ егер мұндай сипаттағы қызмет басқа Уағдаласушы Мемлекет шегінде 12 айдан астам жалғасып жатса ғана (мұндай немесе онымен байланысты жоба үшін).».
2-бап
Конвенцияның 11-бабының (пайыздар) 5-тармағындағы мынадай сөйлем алынып тасталсын: «Осы баптың мақсаттары үшін уақтылы төленбеген төлемдер үшін айыппұл пайыз ретінде қаралмайды.»
3-бап
Конвенцияның 25-бабы (ақпарат алмасу) мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің немесе олардың орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтін шамада алынатын кез келген түрдегі және сипаттамадағы салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу 1-баппен шектелмейді.
2. Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және 1-тармақта аталған салықтарға қатысты тек бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сот бойынша қудалаумен немесе аппеляцияларды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана ашылатын болады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдері қабылданған кезде ашуы мүмкін.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:
а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шаралар қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпаратты беру;
с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келуі мүмкін ақпаратты беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
4. Егер ақпаратты Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес
сұраса, мұндай ақпарат тіпті осы екінші Мемлекетке өзінің салықтық
мақсаттары үшін талап етілмесе де, екінші Уағдаласушы Мемлекет
сұралған ақпаратты жинау жөніндегі шараларды қабылдайды.
Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеулеріне жатады, бірақ мұндай шектеулер ешқандай жағдайда Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндірілмейді.
5. Ешқандай жағдайда 3-тармақтың ережелері ақпарат иегері банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл болып әрекет ететін тұлға болып табылатындығы себебінен немесе ақпарат меншік құқығына берілген тұлғаға қатысты болу себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндірілмейді.».
4-бап
Конвенцияның 25-бабын қолдану мақсатында:
сұрау салған Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы сұрау салуға тиісті ақпарат алу үшін ақпарат беру туралы сұрау салуды беру кезінде сұрау салынған Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органына мынадай ақпаратты ұсынады:
а) зерттеліп немесе тексеріліп жатқан жеке немесе заңды тұлғаның тегін, атын, атауын;
b) сұрау салынған ақпараттың, оның сипаты мен сұрау салған Мемлекет сұрау салынған Мемлекеттен ақпаратты алуды қалайтын нысанын қоса алғанда, түсініктемелерді;
с) ақпарат сұрау салынған салықтық мақсаттарды;
d) сұрау салынған ақпарат сұрау салынған Мемлекетте немесе сұрау салынған Мемлекеттің юрисдикциясына кіретін тұлғаның иелігінде немесе бақылауында тұрғанын жорамалдау негіздерін;
е) күдікті тұлғаның тегін, атын немесе атауын және мекенжайын, егер мұндай белгілі болса, сұрау салынған ақпараттың болуын;
f) өлшемсіз қиындықтарға әкеп соқтыратындарды қоспағанда, сұрау салған Мемлекет, ақпарат алу үшін өзінің аумағында барлық қол жетімді құралдарды бергені туралы өтінішті.
Ақпарат алмасу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.
5-бап
1. Осы Хаттама ратификациялауға жатады. Уағдаласушы Мемлекеттер осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін жазбаша хабардар етеді.
2. Осы Хаттама 1-тармақта айтылған хабарламалардың соңғысын алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Хаттаманың ережелері осы Хаттама күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейін басталатын салық салынатын кезеңдер үшін қолданылады.
Осыны куәландыру үшін тиісінше уәкілеттік берілген төменде қол қойғандар осы Хаттамаға қол қойды.
2012 жылғы "03" мамыр Люксембург қаласында қазақ, орыс, француз және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы
Үкіметі үшін Герцогтігінің Үкіметі үшін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ЛЮКСЕМБУРГ ҰЛЫ ГЕРЦОГТІГІНІҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫС ПЕН КАПИТАЛҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРҒА
ҚАТЫСТЫ
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДАН ЖАЛТАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі,
Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет білдіре отырып,
мыналар туралы келісті:
1-бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР
1. Осы Конвенция алу әдістеріне қарамастан, Уағдаласушы
Мемлекеттің немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдарының
атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға
қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан
алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін
қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жеке элементтерінен алынатын барлық салықтың түрлері табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледі.
3. Осы Конвенция қолданылатын қазіргі салықтар мыналар болып
табылады, атап айтқанда,:
а) Люксембург Ұлы Герцогтігінде:
(і) жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы;
(іі) корпорациялық табыс салығы;
(ііі) капиталға салынатын салық; және
(іv) коммуналдық сауда салығы
(бұдан әрі - «Люксембург салығы» деп аталатын);
b) Қазақстан Республикасында:
(і) корпорациялық табыс салығы;
(іі) жеке табыс салығы;
(ііі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
(бұдан әрі - «Қазақстан салығы» деп аталатын).
4. Конвенция күшіне енген күнінен кейін қолданыстағы салықтарға
қосымша немесе олардың орнына алынатын бірдей немесе кіріске және
капиталға салынатын мәні бойынша ұқсас кез келген салықтарға да осы
Конвенция қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті
органдары өздерінің салық салуға қатысты ұлттық заңнамаларында
болатын кез келген елеулі өзгерістер туралы бір-біріне хабардар етіп
отырады.
3-бап
ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛАР
1. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін, мына терминдер:
а) «Люксембург» Люксембург Ұлы Герцогтігін білдіреді және географиялық мағынада қолданғанда Люксембург Ұлы Герцогтігінің аумағын білдіреді;
b) «Қазақстан» Қазақстан Республикасын білдіреді және, географиялық мағынасында қолданғанда «Қазақстан» термині оның заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің егемендік құқықтары мен заңды құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын аймағын қамтиды;
с) «тұлға» жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бірлестігін білдіреді;
d) «компания» салық cалу мақсаттары үшін корпорациялық құрылым ретінде қарастырылатын, кез келген корпорациялық құрылымды немесе кез келген тұлғаны білдіреді;
e) "кәсіпорын" кез келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданылады;
f) "Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" және «екінші Мемлекеттің кәсіпорны» тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
g) "халықаралық тасымал" теңіз немесе әуе кемесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен кез келген тасымалды білдіреді;
h) "Құзыретті орган" мыналарды:
(і) Люксембургте: Қаржы министрін немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді.
(іі) Қазақстанда: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін;
і) «ұлттық тұлға» мыналарды:
(і) Уағдаласушы Мемлекетте азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
(іі) Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес өз мәртебесін алған кез келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе қауымдастықты білдіреді;
j) "кәсіпкерлік қызмет" кәсіби көрсетілетін қызметтерді және тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметті жүзеге асыруды қамтиды;
k) «Уағдаласушы Мемлекет» және «екінші Уағдаласушы Мемлекет» түпмәтінге байланысты Қазақстанды немесе Люксембург Ұлы Герцогтігін білдіреді;
l) "капитал" осы Конвенцияның 21-бабының мақсаттары үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді және қолма-қол ақша қаражатын, акцияларды немесе мүлік құқығын растайтын басқа да құжаттарды, вексельдерді, облигацияларды немесе басқа да борышты міндеттемелерді, сондай-ақ патенттерді, сауда белгілерін авторлық құқықтарды немесе басқа да осыған ұқсас құқықты немесе мүлікті қамтиды (бірақ онымен шектелмейді);
m) "пул" - осы Конвенцияның мақсаттары үшін халықаралық, тасымалдауда жүктерді тасымалдау бойынша контейлерді бірлесіп пайдалануды жүзеге асыратын, оларды пайдаланудан түсетін пайда жалпы қорға қалыптасатын және пулды құру туралы келісімге сәйкес бөлінетін бірлескен тұлғаларды да білдіреді.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімді кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтіннен өзге мағына туындамаса, Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттің заңнамасы бойынша осы кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленеді, осы Мемлекеттің қолданылатын салық заңнамасы бойынша терминнің кез келген мағынасы осы Мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мәннен көрі басымдыққа ие болады.
4-бап
РЕЗИДЕНТ
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті» термині осы Мемлекеттің заңнамасы бойынша оның тұратын жері, резиденттігі, азаматтығы, басқару орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді, сондай-ақ Мемлекеттің өзін, оның кез келген орталық және жергілікті билік органдарын қамтиды. Алайда бұл термин Мемлекетте осы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа қатысты ғана немесе онда орналасқан капиталға қатысты салық салынуға жататын тұлғаларды қамтымайды.
2. Егер осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, онда оның мәртебесі мынадай түрде айқындалады:
а) ол өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы бар Мемлекеттің ғана резиденті болып есептеледі; егер оның иелігінде Мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Мемлекеттің резиденті болып саналады;
b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе Мемлекеттердің ешқайсысында өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, онда ол өзі әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резиденті болып саналады;
с) егер ол әдетте Мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың біреуінде де тұрмаса, ол азаматы болып табылатын Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
d) егер резиденттің мәртебесі а)-с) тармақшаларына сәйкес айқындалмаған болса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өзара келісе отырып, осы мәселе бойынша шешім қабылдайды.
3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, ол тиімді басқару орны орналасқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледі.
5-бап
ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «тұрақты мекеме» термині кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын білдіреді.
2. Атап айтқанда, «тұрақты мекеме» термині мыналардың:
а) басқару орнын;
b) бөлімшені;
с) кеңсені;
d) фабриканы;
e) шеберхананы; және
f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, кенішті, қондырғыны, құрылысты немесе табиғи ресурстарды барлайтын немесе өндіретін басқа да кез келген кен орнын қамтиды.
3. Егер құрылыс алаңы немесе құрылыс немесе монтаждау немесе
құрастыру жобасы 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған болса ғана, олар тұрақты мекемені құрайды.
4. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан "тұрақты мекеме" термині мыналарды:
а) құрылыстарды тек кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткізіп тұру мақсаттары үшін пайдалануды;
b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткізіп тұру мақсаттары үшін ұстауды;
с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа кәсіпорынның өңдеу мақсаттары үшін ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға арналған ақпарат жинау үшін ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін дайындық немесе көмекші сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ұстауды;
f) осындай амал нәтижесінде туындайтын тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан бастап с) тармақшасына дейін санамаланған қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ұстауды қамтиды деп қарастырылмайды.
5. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекетте басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының атынан әрекет етсе, онда бұл кәсіпорын осы тұлғаның кәсіпорын үшін қолға алатын кез келген қызметіне қатысты бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылады, егер мұндай тұлғаның:
а) осы Мемлекетте кәсіпорын атынан келісім шарттар жасауға өкілеттіктері болса және оны әдеттегідей пайдаланып жүрсе, егер мұндай кәсіпорынның қызметі 4-тармақта айтылған қызмет түрлерімен ғана шектелмесе, егер оларды кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырса да бұл кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орнын осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырылмаса; немесе
б) мұндай өкілеттіктері болмаса, бірақ кәсіпорын атынан тұрақты негізде тауарларды немесе бұйымдарды жеткізіп тұратын бірінші аталған Мемлекетте тауарлар немесе бұйымдар қорын әдеттегідей ұстап тұрса. Егер салық салуды болдырмау мақсатында бірінші аталған Мемлекетте мұндай тұлға тұрақты негізде тауарларды немесе бұйымдарды жеткізуді жүзеге асырып қана қоймай, сату бойынша келісім-шарттың өзін іс жүзінде жасаспай тауарларды немесе бұйымдарды сатуға байланысты қызметтердің барлық түрін іс жүзінде жүзеге асыратын болса, жоғарыдағы сөйлемнің ережелері қолданылмайды.
6. Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін осы Уағдаласушы Мемлекетте
делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшін ғана, осындай тұлғалар өздерінің әдеттегі қызметі шеңберінде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын
компанияның екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып
табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы
немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметпен
айналысуы (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен айналысуы)
фактісінің өзі-ақ осы компаниялардың бірін екіншісінің тұрақты
мекемесіне айналдырмайды.
6-бап
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алған табысына (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысты қосқанда) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. «Жылжымайтын мүлік» термині қаралып отырған мүлік
орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша қандай мағынасы
болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда
жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен
орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер
меншігіне қатысты заң ережелері қолданылатын құқықтарды,
жылжымайтын мүлік узуфрукт және минералдық ресурстарды, қорларды
және басқа да табиғи қазбаларды игеру үшін берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе тіркелген төлемдеріне құқықтарды қамтиды; теңіз және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей
пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда
пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелері кәсіпорынның жылжымайтын
мүлкінен алынатын табысқа қолданылады.
7-бап
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА
1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса немесе сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмаса, кәсіпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда кәсіпорынның пайдасына екінші Мемлекетте, бірақ осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлігіне ғана салық салынуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағына қатысты, егер Мемлекеттің кәсіпорны екінші Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсіпорын болған болса, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкін пайда әрбір Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. 4-тармақтың ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда әрбір Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге егер ол оқшау және дербес кәсіпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз әрекет жасағанда алуы мүмкін пайда жатқызылады.
4. Тұрақты мекеменің пайдасын анықтау кезінде шығыстар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, негізді бөлінген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын қосқанда, тиісті түрде құжатпен расталған, тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледі.
5. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алуының негізінде ғана осы тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейді.
6. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге
жататын пайда, егер мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептері болмаса жылма-жыл біркелкі тәсілмен анықталады.
7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылатын кірістердің түрлерін қамтыса, онда бұл баптардың ережелері осы баптың ережелерін қозғамайды.
8. Осы бап әріптестікке қатысудан түскен табысқа да қолданылады. Ол әріптестің әріптестік қызметте атқарған әріптестікте қатысқан және несиелер бергені үшін немесе мүлік құндылықтарын бергені үшін әріптестің алған сыйақыларына да қолданылады, егер де мұндай сыйақылар Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес, әріптестің осы тұрақты мекемеден алған табыстарына жатса.
8-бап
ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛІГІ
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелері пулға, көлік құралдарын пайдалану
жөніндегі бірлескен кәсіпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан
алынатын пайдаға да қолданылады.
9-бап
ҚАУЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАР
1. Егер
а) бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) сол бір тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса,
және а) мен b) тармақшаларында айтылған жағдайларда екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсіпорындардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылуы және тиісінше салық салынуы мүмкін.
2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екінші Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорынның осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынған пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының пайдасына қосса әрі тиісінше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнына есептелетіндей болса, егер екі кәсіпорынның арасындағы өзара қатынас тәуелсіз кәсіпорындардың арасында жасалатын жағдайлардай болса, онда осы екінші Уағдаласушы Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзету жасайды. Осындай түзетуді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа да ережелері ескерілуі тиіс және Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған кезде бір-бірімен консультация жүргізіп отыруға тиіс.
10-бап
ДИВИДЕНДТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын
компанияның екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін
дивидендтеріне осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда резиденті дивидендтер төлейтін компания болып
табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкін, бірақ егер алушы дивидендтердің іс жүзіндегі иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, онда осындай жолмен алынатын салық:
а) егер іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания капиталының ең болмағанда 15 пайызына тікелей иелік ететін компания (серіктестіктен өзге) болса, дивидендтердің жалпы сомасының 5 пайызынан;
b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердің жалпы сомасының 15 пайызынан аспайды.
Бұл тармақ дивидендтер төленетін пайдаға қатысты компанияға салық салуды қарастырмайды.
3. "Дивидендтер" терминін осы бапта пайдаланған кезде ол
акциялардан, "jouissance" акцияларынан немесе "jouissance" пайдалану құқықтарынан, тау-кен өнеркәсібі компанияларының акцияларынан құрылтайшылардың акцияларынан немесе борыштық талаптар болып табылмайтын, пайдаға қатысуға құқық беретін басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлуші компания резиденті болып табылатын Мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілді дәл сондай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтік құқықтардан алынатын табысты және пайдаға бара-бар және инвестордың күрделі шығындарының негізінде төленетін коммерциялық, өнеркәсіптік, тау-кен өндірісі немесе кәсіпшілік кәсіпорнының пайдасындағы оның үлесін, сондай-ақ, егер оның үстіне, пайыздың тіркелген ставкасы, басқаға беру құқығы (қаржыландыру) бөлінбеген пайдаға сәйкес өзгеретін үстеме пайыздарға берілетін болса, пайыздарды және борыштық міндеттемелерді білдіреді.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын, дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып отырған екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және төленіп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы екінші Мемлекет, мұндай дивидендтер осы екінші Мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг осы екінші Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге шын мәнінде қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтін дивидендтерден қандай да болсын салық ала алмайды, егер тіпті төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған табыстан толығымен немесе ішінара құралса да, бөлінбеген пайдаға салық салынбайды.
6. Осы Конвенцияда Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның табыстарынан алынуы мүмкін салыққа қосымша, осылайша кез келген қосымша алынатын салықтың сомасы мұның алдындағы салық салынатын жылдары осындай қосымша салық салуға ұшырамаған табыс сомасының 10 пайызынан аспауы тиіс жағдайда, осы Мемлекеттегі тұрақты мекемеге қатысты компаниялардың табыстарынан салық алуға еш нәрсе тосқауыл бола алмайды деп пайымдалмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшін пайда осы тармақта аталған қосымша салыққа қарағанда өзге де, одан тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте өндіріп алынатын барлық салықты шегеріп тастағаннан кейін анықталады.
11-бап
ПАЙЫЗДАР
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші
Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін пайыздарға осы екінші
Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда мұндай пайыздарға олар пайда болатын Уағдаласушы
Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес
салық салынуы мүмкін, бірақ, егер алушы пайыздардың нақты иесі бола
тұрып, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда
алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы
тиіс.
3. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан:
а) Қазақстан Республикасында пайда болатын пайыздар, егер олар:
і) Люксембургтің Үкіметіне;
іі) Люксембургтің жергілікті билік органына;
ііі) Люксембургтің Орталық Банкіне;
іv) «Societe Nationale de Credit et d,Investissement» компаниясына;
v) Люксембург Үкіметіне толығымен тиесілі, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында келісілуі мүмкін кез келген басқа ұйымға төленсе, Қазақстан Республикасында салықтан босатылады.
b) Люксембургте пайда болатын пайыздар, егер олар:
і) Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
іі) Қазақстан Республикасының кез келген орталық немесе жергілікті билік органына;
ііі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
іv) «Қазына» орнықты даму қорына;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында келісілуі мүмкін кез келген басқа ұйымға төленсе, Люксембургте салықтан босатылады.
4. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан:
а) егер берілген, кепілдік берілген немесе сақтандырылған қарызға немесе кез келген басқа борыштық талапқа немесе «L,Office du Ducroire» кепілдік берген немесе сақтандырған кредитке қатысты пайыздар төленсе, Қазақстанда пайда болған және Люксембургтің резидентіне төленетін пайыздар Қазақстанда салықтан босатылады;
b) егер берілген, кепілдік берілген немесе сақтандырылған қарызға немесе кез келген басқа борыштық талапқа немесе «Экспорттық кредиттерді мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорация» акционерлік қоғамы кепілдік берген немесе сақтандырған кредитке қатысты пайыздар төленсе, Люксембургте пайда болған және Қазақстанның резидентіне төленетін пайыздар Люксембургте салықтан босатылады.
5. "Пайыздар" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, борышкерлердің пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін қандай да болсын борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкіметтік/мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар және міндеттемелер бойынша төленетін сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық
міндеттемелерден алынатын табысты білдіреді. Бірақ «пайыздар» термині 10-бапта аталған табысты қоспайды. Осы баптың мақсаттары үшін уақытылы төленбеген төлемдер үшін айыппұл пайыз ретінде қарастырылмайды.
6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын
пайыздардың іс жүзіндегі иесі пайыздар пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзіне қатысты пайыздар
төленетін борыштық талабы шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге
қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
7. Егер төлеуші осы Мемлекеттің резиденті болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер пайыздарды төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, жоқ па осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте пайыздар төленетін қарыз пайда болған тұрақты мекемесі болса және мұндай пайыздарды осындай тұрақты мекеме төлейтін болса, онда мұндай пайыздар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледі.
8. Егер пайыздар төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебінен оның негізінде төленетін борыштық талапқа қатысты пайыздардың сомасы пайыздар төлеуші мен олардың нақты иесі арасында осындай қатынастар болмаған кезде келісіле алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың, ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігін осы Конвенцияның басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.
9. Егер өзіне қатысты пайыздар төленетін борыштық талаптарын жасалуына немесе берілуіне байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осы борыштық талаптарды жасау немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
12-бап
РОЯЛТИ
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер алушы және роялтидің нақты иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осындай тәсілмен алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиіс.
3. «Роялти» термині осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық
қамтымды, кинематографиялық фильмдерді қоса алғанда, әдебиет, өнер
немесе ғылым шығармаларына, кез келген патентке, сауда маркасына,
дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске,
кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе осындай құқықты пайдалануға бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпараттар үшін сыйақы ретінде алынған төлемдердің кез келген түрін және өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін төлемдерді білдіреді.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын
роялтидің іс жүзіндегі иесі роялти пайда болған екінші Уағдаласушы
Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса және роялти өздеріне қатысты төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
5. Егер төлеуші осы Мемлекеттің резиденті болып табылса, роялти
Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледі. Алайда, егер
роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу міндеттемесі пайда болған тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледі.
6. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негізінде төленетін құқықты немесе ақпаратты пайдалануға тиісті роялтидің сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнің басы артық бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамаларына сәйкес салық салынады.
7. Егер өзіне қатысты роялти төленетін құқықты жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
13-бап
МҮЛІК ҚҰНЫНЫҢ ӨСІМІНЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті 6-бапта анықталған және екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті
иеліктен айырудан алатын табыстарға осы екінші Мемлекетте салық
салынуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы
Мемлекетте иеленіп отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті немесе мұндай тұрақты мекемені (жеке немесе бүкіл кәсіпорынмен қоса) немесе мұндай тұрақты мекемені иеліктен айырудан алынған табыстарды қоса алғанда, осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе мұндай теңіз немесе әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті иеліктен айырудан алынған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Мыналарды:
а) ресми танылған Қор биржасында елеулі және тұрақты негізде сатылған акцияларды, қатысу құқықтарын немесе компанияның немесе басқа заңды тұлғаның (Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, оған қарамастан) капиталындағы басқа құқықтарды, негізінен Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен тұратын мүлікті қоспағанда, акцияларды;
b) Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікпен қаншалықты байланысты екендігін ескере отырып, серіктестіктегі қатысу үлесін (Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, оған қарамастан) иеліктен айыру нәтижесінде алынған табыстарға, осы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
Осы тармақтың мақсаттары үшін «жылжымайтын мүлік» термині (а) тармақшасында ескерілген компаниялардың акцияларын немесе серіктестікте қатысу үлесін қамтиды.
5. Алдыңғы тармақтарда айтылғаннан өзге кез келген мүлікті
иеліктен айырудан алынатын табыстарға мүлікті иеліктен айыратын тұлға
резиденті болып Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-бап
ЖАЛДАНЫП ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСТАН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
1. 15, 17, 18-баптардың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті жалданып істеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға егер жалданып жұмыс істеу екінші Мемлекетте орындалмаса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып істейтін жұмыс осылайша орындалса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, екінші
Уағдаласушы Мемлекетте жалданып жұмыс істеуіне байланысты
Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған сыйақыға салық тек бірінші
ескертілген Мемлекетте салынады, егер:
а) алушы тиісті салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез
келген он екі айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екінші Мемлекетте болса; және
b) сыйақыны екінші Мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
с) сыйақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалға алушының екінші Мемлекетте бар тұрақты мекемесі жоқ.
3. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан Мемлекеттің
резиденті халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз, әуе кемесінің немесе автомобиль көлігінің бортында орындалатын жалданып істейтін жұмысқа қатысты алынған сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынуы мүмкін.
15-бап
ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ
Екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің немесе оған ұқсас органның мүшесі ретінде Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
16-бап
АРТИСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР
1. 7 мен 14-баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы
Мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе теледидар артисі немесе сазгер сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретінде екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзінің жеке қызметінен алған табысына осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Егер өнер қызметкері немесе спортшы өзінің осы сипатында
жүзеге асыратын жеке қызметінен алатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7 және 14-баптардың ережелеріне қарамастан өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
17-бап
ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР
1. 18-баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес бұрын жүзеге асырған жұмысы үшін Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес төленетін зейнетақылар мен басқа төлемдерге осы Мемлекетте ғана салық салынуы мүмкін.
3. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, тиісті зейнетақылар және осыған ұқсас төлемдер (біржолғы төлемдерді қоса алғанда) Уағдаласушы Мемлекеттің пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақыларға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, мұндай төлемдер ақысы төленген салымдардан немесе алушының немесе оның атынан зейнетақы схемасына сәйкес төленсе және осындай төлемдер, резервтер немесе зейнетақылар немесе басқа осыған ұқсас төлемдер оның салық заңнамасының қарапайым ережелеріне сәйкес бірінші ескерілген Мемлекетте салық салынуға тартылған, бірінші ескерілген Мемлекетте ғана салық салынуға жатады.
18-бап
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
1. а) Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдары үшін жүзеге асырған қызметіне Мемлекет немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдары төлейтін зейнетақыға қарағанда қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға осы Мемлекетте ғана салық салынады;
b) Алайда, мұндай қызметақы, жалақы және басқа да ұқсас сыйақыға егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлға:
і) осы Мемлекеттің азаматы болып табылса; немесе
іі) қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана осы Мемлекеттің резиденті болмаса, тек екінші Мемлекетте ғана салық салынады.
2. а) Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның орталық немесе
жергілікті билік органдары үшін жүзеге асырған қызметтеріне Мемлекет
немесе оның орталық немесе жергілікті билік органы төлейтін кез келген зейнетақыға осы Мемлекетте ғана салық салынады.
b) Алайда мұндай зейнетақыға егер жеке тұлға осы Мемлекеттің резиденті және азаматы болып табылса, тек екінші Мемлекетте ғана салық салынады.
3. 14, 15, 16, және 17-баптардың ережелері Мемлекет немесе оның
орталық және жергілікті билік органдары жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.
19-бап
ОҚЫТУШЫЛАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР
1. Мемлекетке келер алдында тікелей екінші Уағдаласушы
Мемлекеттің резиденті болып табылатын және тек білім алу немесе
практикадан өту мақсатында бірінші айтылған Мемлекетте болған студент
немесе практикант өзін ұстау, білім алу немесе практикадан өту мақсаты үшін алатын төлемдерге осы сома көздері осы Мемлекеттен тысқары жерде болған жағдайда, салық салынбайды.
2. Осы Мемлекеттің немесе университеттің, колледждің, мектептің, мұражайдың немесе осы Мемлекеттің басқа мәдениет мекемелерінің шақыруы бойынша немесе осындай мекемелерде тікелей оқыту, лекция оқу немесе зерттеулер жүргізу мақсатында екі жылдан аспайтын кезеңге арнайы мәдени алмасу бағдарламасы бойынша келген немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылған немесе осы сапарға дейін тікелей резиденті болып табылған жеке тұлға егер де сондай төлемдерді ол осы Мемлекеттің тысқары жерден алса, осындай қызмет үшін оның сыйақысына бірінші ескерілген Мемлекетте салықтан
босатылады.
20-бап
БАСҚА ДА ТАБЫСТАР
1. Осы Конвенцияның алдыңғы баптарында айтылмаған
Уағдаласушы Мемлекет резидентінің табыс түрлеріне оның пайда болу
көзіне қарамастан, тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық
салынады.
2. 6-баптың 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен
алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табыстарды алушы бір
Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола тұра, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеменің көмегімен тәуелсіз жеке қызметтер ұсынса және табыс төлеу жүргізілуіне байланысты құқық немесе мүлік іс жүзінде осындай тұрақты мекемеге қатысты болса, 1-тармақтың ережесі қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
21-бап
КАПИТАЛ
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентіне тиесілі және екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта айтылған жылжымайтын мүлік ретінде ұсынылған капиталға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлік ретінде ұсынылған мүлікке осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне тиісті теңіз және әуе
кемелерімен және халықаралық тасымалда пайдаланатын және осындай
теңіз және әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлік
түрінде ұсынылған капиталға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық
салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті капиталының барлық басқа
элементтеріне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
22-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ
1. Қосарланған салық салуды болдырмауға қатысты оның негізгі қағидаттарын қозғамайтын Люксембург заңының ережелерін ескере отырып, қосарланған салық салуды болдырмау мынадай түрде жүргізіледі:
а) Егер Люксембург резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталды иеленсе, Люксембург b) және с) тармақшаларының ережелерін ескере отырып, табысты немесе капиталды салық салудан босатады, бірақ резиденттің қалған табысына немесе капиталына салық сомасын есептеу үшін, табыс салықтан босатылмағанда да, сондай салық ставкаларын қолданады.
b) Егер Люксембург резиденті 10, 11, 12 және 16-баптардың ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса, Люксембург салықтан жеке тұлғалардың табысын немесе осы резиденттің корпоративтік салығынан Қазақстанда төленген салыққа тең соманы шегеріп тастайды. Алайда мұндай шегерім Қазақстанда алынған табыс түрлеріне жатқызылған шегерімді тапсырғанға дейін есептелген салықтың бір бөлігінен аспауы тиіс.
с) а) тармақшасының ережелері егер Қазақстан осы Конвенцияның ережелерін табысты немесе капиталды салықтан босату үшін осы Конвенцияның ережелері қолданса немесе 10, 11, немесе 12-баптардың 2-тармағының ережелерін осындай табысқа қолданса, Люксембург резиденті алған табысқа немесе оған тиесілі капиталға қолданылмайды.
2. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салуды болдырмау мынадай түрде жүргізіледі:
а) Егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Люксембургте салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталға ие болса, Қазақстан:
і) осы резиденттің табысына салынатын салықтан Люксембургте төленетін табыс салығына тең соманы шегеріп тастауға;
іі) осы резиденттің капиталына салынған салықтан Люксембургте төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегеріп тастауға мүмкіндік береді.
Осындай шегерімдер кез келген жағдайда ахуалға қарай Люксембургте салық салынуы мүмкін табысқа немесе капиталға жатқызылған шегерім жасалғанға дейін есептелген кіріске немесе капиталға салынатын салықтың бір бөлігінен аспауы тиіс.
b) Егер осы Конвенцияның қандай да бір ережесіне сәйкес Қазақстан резидентінің алатын табысы және капиталы Қазақстанда салықтан босатылған болса, онда Қазақстан осы резиденттің табысының немесе капиталының қалған бөлігіне соманы есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды назарға алуы мүмкін.
23-бап
КЕМСІТПЕУ
1. Мемлекеттің ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екінші Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға қарағанда анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға, атап айтқанда резиденттікке қатысты екінші Мемлекетте ұшырамайды.
2. Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының екінші Мемлекеттегі тұрақты мекемесіне салық салу ұқсас осындай қызметті жүзеге асыратын осы екінші Мемлекеттің кәсіпорнына салық салуға қарағанда осы екінші Мемлекетте неғұрлым қолайлы болуы тиіс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекетті екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне оларды салық төлеуден және азаматтық мәртебе немесе өзінің резидентеріне беретін отбасы жағдайлары негізінде салық салу мақсаттары үшін кез келген жеке салық жеңілдіктері мен шегерімдер беруге міндеттейтін болып түсіндірілмеуі тиіс.
3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 9-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін пайыздар, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсіпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаты үшін олар бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезінде шегеріліп тастауға жатады. Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне осыған ұқсас кез келген берешегі осындай кәсіпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаты үшін бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет резидентінің берешегі жағдайларындағыдай шегеруге жатады.
4. Капитал екінші Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше
резидентіне толық немесе ішінара тиесілі немесе олардың тікелей немесе жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны бірінші айтылған Мемлекеттің салық салуға немесе бірінші айтылған Мемлекеттің басқа ұқсас кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салу мен онымен байланысты міндеттемелерге қарағанда онымен өзгеше немесе онымен байланысты кез келген міндеттемелерге бірінші айтылған Мемлекетте ұшырамауы тиіс.
5. Осы баптың ережелері, осы Конвенцияда көрсетілген салықтарға қолданылады.
24-бап
ӨЗАРА КЕЛІСІМ АЛУ РӘСІМІ
1. Егер тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің бірінші немесе екеуінің де іс әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар етіп отыр деп есептесе, ол осы Мемлекеттердің ішкі заңдарында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзінің ісін өзі резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қарауына немесе егер оның ісі 23-баптың 1-тармағының қолданысына түссе өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органның қарауына бере алады. Өтініш осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар еткен іс-әрекеттер туралы бірінші хабарлама берілген сәттен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс.
2. Құзыретті орган, егер ол өтінішті негізді деп есептесе және егер өзі қанағаттандырарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында істі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткізілген келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге байланыссыз орындалатын болады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті орғандары Конвенцияны түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнды өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Олар сол сияқты Конвенцияда көзделмеген жағдайларда, қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бір-бірімен консультация өткізе алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өткен тармақтарды түсінуде келісімге қол жеткізу мақсатында бір-бірімен, оның ішінде Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдерінен тұратын бірлескен комиссия арқылы тікелей байланысқа түсе алады.
25-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін немесе Конвенция осы заңнама бойынша салық салу Конвенцияға қайшы келмейтіндей ережеде қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердің ішкі заңнамаларын орындау үшін қажет ақпаратпен алмасады. Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкі заңнамасы шеңберінде алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және Конвенция таралатын салықтар жөнінде бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сот бойынша қудалаумен немесе аппеляцияларды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана хабарланады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар осы ақпаратты ашық сот отырысы барысында не сот шешімдерін қабылдаған кезде ашуы мүмкін.
2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелері Уағдаласушы
Мемлекеттерге:
а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша немесе әдеттегі әкімшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
с) қандай да болмасын бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпарат немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келуі мүмкін ақпарат беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
3. Егер ақпаратты Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес талап
ететін болса, екінші Уағдаласушы Мемлекет осы ақпаратты тіпті екінші
Уағдаласушы Мемлекет өзінің жеке салық мақсаттары үшін осындай
ақпаратқа мұқтаж болмаса да, пайдаланады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған
міндеттеме 2-тармақтың шектеулеріне бағынады, бірақ ешқандай жағдайда
осындай шектеу Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ешқандай
ішкі мүдделігінің болмағандығынан ғана, ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қарастырылмайтын болады.
26-бап
САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУҒА КӨМЕКТЕСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттер табыс талаптарын жинауға бір-біріне көмек көрсетеді. Мұндай көмек 1 және 2-баптардың қолданылуымен шектеледі. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өзара келісім бойынша осы баптың қолданылу рәсімдерін белгілей алады.
2. Осы бапта қолданылатын «табыс талабы» термині салық салу осы Конвенцияға немесе қатысушылары Мемлекеттер немесе олардың орталық немесе жергілікті билік органдары болып табылатын кез келген халықаралық шартқа қайшы келмейтіндей дәрежеде олардың атынан салынатын салықтың кез келген түріне қатысты тиесілі соманы, сондай-ақ осы сомаға қатысты пайыздарды, әкімшілік айыппұлдарды және оларды жинау мен сақтауға арналған шығындарды білдіреді.
3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындалуы тиіс болатын және осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны жинауға сол сәтте кедергі келтіре алмайтын тұлға іске асыратын жағдайда, мұндағы табыс талабы екінші Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы ретінде жинау мақсатында танылатын болады. Мұндай табыс талабын осы екінші Мемлекеттің табыс талабы болып табылатындай табыс талабы сияқты өзінің салықтарын жинауға қатысты қолданылатын оның заңнамасының ережелеріне сәйкес екінші Мемлекет жинауға тиіс.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы, жинауды
қамтамасыз ету мақсатында оған қатысты осы Мемлекеттің заңнамасына
сәйкес сақтау жөніндегі шараларды қолданатын табыс талабы болып
табылатын жағдайда, мұндай табыс талабы осы Мемлекеттің құзыретті
органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің
құзыретті органының сақтауы жөніндегі шараларды қолдану мақсатында
танылады. Бұл екінші Мемлекет өз заңнамасының ережелеріне сәйкес осы табыс талабына қатысты сақтау жөніндегі шараларды, егер де осындай шараларды қолдану сәтінде табыс талабы алғашқы аталған Мемлекетте жүзеге асырылмаса да немесе оны жинауға кедергі келтіре алатын тұлғаға тиесілі болса да осы табыс талабы осы екінші Мемлекеттің табыс талабы болатыны сияқты қолданады.
5. 3 және 4-тармақтардың ережелеріне қарамастан, 3 және
4-тармақтардың мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекет таныған табыс
талабына осы Мемлекетте уақытша шектеулер қойылуға немесе талаптың
сипатына қатысты осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес табыс
талаптарына қолданылатын оның басымдылығын айқындауға жатпайды.
Осыған қосымша ретінде, 3 және 4-тармақтардың мақсаттары үшін
Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабының осы Мемлекетте
екінші Мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы табыс талабына
қолданылатын басымдылығы болмайды.
6. Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабының болуына,
заңдылығына немесе сомасына қатысты сот істері екінші Мемлекеттің
соттарына немесе әкімшілік органдарына берілмейді.
7. Егер Уағдаласушы Мемлекет 3 немесе 4-тармақтарға сәйкес сұрау салу жібергеннен кейін және екінші Мемлекет тиісті табыс талабын өндіріп алып, алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетке бергенге дейінгі жағдайда, тиісті табыс талабының:
а) алғашқы аталған Мемлекеттің табыс талабы осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындала алатын және осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны жинауға сол сәтте кедергі келтіре алмайтын тұлғаға тиесілі болатын кезде 3-тармаққа сәйкес келетін сұрау салынатын жағдайда немесе
b) табыс талабы, жинауды қамтамасыз ету мақсатында оған қатысты осы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес табыс талабы сомасының сақталуы жөніндегі шараларды қолданыла алтын кезде 4-тармаққа сәйкес келетін сұрау салынатын жағдайда қолданылуы тоқтатылады, алғашқы аталған Мемлекеттің құзыретті органдары екінші Мемлекеттің құзыретті органдарына осы факті туралы дереу хабарлайды және екінші Мемлекеттің таңдауы бойынша алғашқы аталған Мемлекет өзінің сұрау салуына тоқтата немесе кері қайтарып алады.
8. Осы баптың ережелеріндегі ешқандай жағдайда да Мемлекеттерге мынадай міндеттемелерді жүктеу:
а) осы немесе екінші Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
b) мемлекеттік саясатқа қоғамдық тәртіпке қайшы келетін шараларды қолдану;
с) егер екінші Мемлекет нақты жағдайға байланысты Мемлекеттердің заңнамаларына немесе әкімшілік практикасына сәйкес табыс талабын жинау мен сақтау жөніндегі барлық тиісті шараларды қолданбаса көмек көрсету;
d) осы Мемлекетке жүктелетін әкімшілік ауыртпалық екінші Мемлекет табатын пайдаға мөлшері жағынан сәйкес келмеген жағдайларда көмек көрсету ретінде түсіндірілмейді.
27-бап
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕР МЕН КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Осы Конвенциядағы ештеңе де дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретін немесе арнайы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілетін артықшылықтары сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.
28-бап
БЕЛГІЛІ БІР КОМПАНИЯЛАРДЫ ШЫҒАРЫП ТАСТАУ
Осы Конвенция арнайы люксембург заңнамасына, атап айтқанда 1929 жылғы 31 шілдедегі 1938 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлыққа сәйкес құрылған холдингтік компанияларға қолданылмайды, сондай-ақ Қазақстанның резиденті осындай компаниялардан алып отырған табыстарға және көрсетілген тұлға ие болып отырған осындай компаниялардың акциялары мен басқа да бағалы қағаздарына қолданылмайды.
29-бап
КҮШІНЕ ЕНУІ
1. Осы Конвенция ратификациялануға жатады және Уағдаласушы
Мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік рәсімдерді орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Конвенция:
a) осы Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін көзден, алынған табыстан ұсталатын салықтарға қатысты;
b) осы Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық жылында салық салуға жататын басқа да табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданылады.
30-бап
ТҮЗЕТУЛЕР
Уағдаласушы Мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар осы Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайтын хаттамалармен енгізіле алады.
31-бап
ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ
1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің бірі оның
қолданылуын тоқтатпайынша күшінде қала береді. Кез келген
Уағдаласушы Мемлекет Конвенция күшіне енген күннен бастап бес
жылдық кезең өткеннен кейінгі кез келген күнтізбелік жылдың аяқталуына кемінде алты ай қалғанда қолданылуын тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жібере отырып, Конвенцияның қолданылуын тоқтата алады.
2. Конвенция:
а) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін көзден, алынған табыстан ұсталатын салықтарға қатысты;
b) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама алынған жылдан күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық жылында салық салуға жататын басқа да табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті дәрежеде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
Астана қаласында 2008 жылғы маусым айының 26 күні қазақ, француз, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Конвенцияның ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.