Астана қаласына 2010 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 514 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 008 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Астана қаласының жергілікті атқарушы органына 9300000000 (тоғыз миллиард үш жүз миллион) теңге сомасында берілген бюджеттік кредит негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде мынадай тәртіппен:
      2013 жылға 1450000000 (бір миллиард төрт жүз елу миллион) теңге сомасында;
      2014 жылға 3925000000 (үш миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион) теңге сомасында;
      2015 жылға 3925000000 (үш миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион) теңге сомасында қайта құрылымдалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 714 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Астана қаласының әкімі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады