Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласына 2010 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 514 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «2010 жылғы 7 желтоқсандағы» деген сөздер «2009 жылғы 7 желтоқсандағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов