"Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 575 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға

Нокин
Серік Кеңесұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

Байсүгірова
Мира Сәрсенбіқызы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары, хатшы

Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Алпысбаев
Аманжол Әлиханұлы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары

Нұрабаев
Базарбай Қанайұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы;

      мына:

«Кармазина
Лена Мағауияқызы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Галиев
Владислав Германович

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары

Әбішев
Ислам Әлмаханұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Кармазина
Лена Мағауияқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Галиев
Владислав Германович

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары

Әбішев
Ислам Әлмаханұлы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы»;

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Мирлан Бегежанұлы Мұхамбетов, Марат Еркінұлы Толыбаев, Ольга Александровна Титова, Құдайберді Байболұлы Орақ шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады