"Қазақстан 2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең - 2013 - 2015 жылдар) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 603 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 603 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары (бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар)

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Қол жетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету

1.

Әзірленіп жатқан 2020 жылға дейінгі жаңа Жұмыспен қамту бағдарламасын ескере отырып, өңірлер мен техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының мамандықтары бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

ОЖМО

жыл сайын, 2014 жылдан бастап


талап етілмейді

2.

Еңбек нарығының қажеттіліктері бойынша әзірленген ұсынымдарды ескере отырып, техникалық және кәсіптік, жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

БҒМ, Еңбекмині, ӨДМ, ОЖМО

2014 жылғы 2 тоқсан

көзделген қаражат шегінде

РБ, ЖБ

3.

Жас жаңашыл-ғалымдарды ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ОЖМО

2013 жылғы қыркүйек


талап етілмейді

4.

Білім беру ұйымдарын басқаруға ірі ұлттық және шетелдік компаниялардың қатысуын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ӨДМ, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек


талап етілмейді

5.

Оқу орындарын басқаруға ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы шілде


талап етілмейді

6.

Жалпы білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарының рөлін арттыруға бағытталған экспериментальдық модельді әзірлеу

БҒМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы қаңтар


талап етілмейді

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

7.

Оқушыларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейту

БҒМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,РЖҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы 20 қаңтарға дейін, аралық ақпарат 2013 жылғы 20 шілдеге дейін

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

8.

Коммуналдық меншіктегі спорт нысандарының тізбесін әзірлеу және жастардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу режимін квоталауды қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, СДШІА, ӨДМ, облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін, аралық ақпарат 2013 жылғы 20 шілдеге дейін


талап етілмейді

9.

Білім беру жүйесі ұйымдарының спорт залдарын жаңғырту, спорттық құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажеттілігіне мониторинг жүргізу және кезең-қезеңімен, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде қаржыландыруды ескере отырып тиісті ұсыныстар беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы 1 тамызға дейін


талап етілмейді

10.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттау жөнінде тұрақты негізде іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА, БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік және ақпараттық тапсырыс шеңберінде


11.

Спорт түрлері бойынша студенттік спорттық лигаларды дамыту үшін жағдай жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық федерациялар (келісім бойынша)

2014 жылғы
1 шілдеге дейін


талап етілмейді

12.

Оқу орындарында балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы спорттық іс-шараларды (спартакиадаларды, универсиадаларды және т.б.) өткізу жұмыстарын жалғастыру: спорттық іс-шаралар тізбесін, мерзімін және олардың өту айналымын және т.б. анықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық федерациялар(келісім бойынша)

2014 жылғы
1 шілдеге дейін


талап етілмейді

3. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру

13.

Жастар ұйымдарымен бірлесіп жастардың бойында құқықтық мәдениетті арттыру және құқықтық нигилизмге қарсы әрекеттерге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ОЖМО

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін

көзделген қаражат шегінде

РБ

14.

Ювеналдық әділет жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Әділетмині, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 шілдеге дейін аралық ақпарат
2014 жылғы 1 шілдеге дейін қорытынды ақпарат


талап етілмейді

15.

Қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдарды оңалту және бейімдеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары өкілдерін тарта отырып өңірлік семинарлар өткізуі

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылдың екінші жарты жылдығы

көзделген қаражат шегінде

РБ

4. Жастарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау

16.

Жастарды, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерді қосымша ынталандыру шараларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Еңбекмині, ЭБЖМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының федерациясы (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
20 қараша


талап етілмейді

17.

Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөнінде орталықтар желісін құру мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
20 қарашаға дейін


талап етілмейді

18.

Жастарды, оның ішінде ауылдық жерлерден келген жастарды әлеуметтендіруге, сондай-ақ олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, Еңбекмині, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 2013 – 2015 жылдар

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


19.

Студенттік құрылыс жасақтарын, «Жасыл ел» еңбек жасақтарын одан әрі дамыту, оның ішінде «EXPO-2017», «Универсиада-2017» маңызды нысандарын салуға тарту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ЭКСПО-2017» ҰК (келісім бойынша)

жарты жылда бір рет, 2013 жылдан бастап


талап етілмейді

20.

Жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін өндірістерде тәлімгерлік институтын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, БҒМ, Кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек


талап етілмейді

21.

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, МАМ, Еңбекмині

жарты жылда бір рет, 2013 жылдан бастап

мемлекеттік әлеуметтік және ақпараттық тапсырыс шеңберінде


22.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдардың жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Жасыл Ел» ЖЕОРШ (келісім бойынша), ҰЕЖ (келісім бойынша)

2014 жылғы 15 қаңтарға дейін


талап етілмейді

23.

Экотуризмді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,«Жасыл Ел» ЖЕОРШ (келісім бойынша), ҰЕЖ (келісім бойынша)

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін


талап етілмейді

24.

Республикалық және өңірлік деңгейлерде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметін тиімді қызметін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, Қоршағанортамині, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,РЖҰ (келісім бойынша)

жыл сайын
15 қаңтарға дейін

«Жасыл Даму» бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат шегінде


25.

Жұмыс істеп жүрген жастарды біріктіруге бағытталған жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


5. Жастарға арналған қол жетімді тұрғын үй жүйесін дамыту

26.

Жас отбасылардың тұрғын үй алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында тұрғын үй заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ӨДМ, ЭБЖМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 тамызға дейін


талап етілмейді

27.

Жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесудің шаралары шеңберінде жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Еңбекмині, ӨДМ, ЭБЖМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
1 шілдеге дейін

*


28.

Іске асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламалары туралы түсіндіруге және ақпараттандыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарын тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ӨДМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,ҚТҚЖБ (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 шілдеге дейін

мемлекеттік әлеуметтік және ақпараттық тапсырыс шеңберінде


6. Жастарды мәдени құндылықтарға тарту

29.

Жастардың бойында мәдениет, ұлттық дәстүр және рухани ұстаным негізінде отбасылық құндылықтарды құрметтеу сезімін тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік жобаларды кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 шілдеге дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


30.

Жастар ұжымдары мен шығармашыл жастардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, барлық деңгейлердегі конкурстарды жүйелендіру бойынша талдау жасау және ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

31.

Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобалар мен жастар ұйымдарының және студенттер бағдарламаларын кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


32.

Шығармашыл жастарға арналған виртуалды алаңдарды, сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған қазақстандық интернет ресурстарын жасауға бағытталған шараларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


33.

Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша мақсатты іс-шараларды жастар ұйымдарымен бірлесіп өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне қарай

мемлекеттік әлеуметтік және ақпараттық тапсырыс шеңберінде


34.

Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында қажетті мәдениетке, дәстүрге, адамгершілік құндылықтарға сәйкес отбасы тәрбиесі бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, МАМ, ДІА, Қорғанысмині

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

көзделген қаражат шегінде

РБ

7. Жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуды ынталандыру

35.

Консультативтік кеңесші органдар шеңберінде республикалық және өңірлік жастардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


36.

Жастар ұйымдарының қызметін консалтингтік қолдау бойынша іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


37.

Студенттік кеңестер мен жастар ісі комитеттерінің қызметін дамыту жөнінде іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


38.

Жергілікті өкілді органдар депутаттарын тартуға бағытталған «Нақты істер» іс-шаралар кешенін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


39.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын одан әрі дамыту бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
15 қаңтарға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


40.

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жастар жасақтарын құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан


талап етілмейді

41.

Еріктілер қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 – 2015 жылдар

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


42.

Әскери-патриоттық тәрбие бойынша республикалық іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


8. Жастар ортасында моральдық-рухани бағдарлардың сабақтастығын қамтамасыз ету

43.

Жастар ұйымдарының әлеуетін белсенді тарта отырып, жастар ортасында жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жаңа музыкалық, әдеби, кино-теле шығармаларды шығару және тарату

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жарты жылда бір рет

мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде


44.

Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға жастарды тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жарты жылда бір рет


талап етілмейді

45.

Жастардың бойында білімге құштарлықты және кәсібилікті қалыптастыруға бағытталған қолданыстағы жобалар аясында білім теле-бағдарламаларын шығаруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, «Қазконтент» АҚ (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жарты жылда бір рет

мемлекеттік әлеуметтік және ақпараттық тапсырыс шеңберінде


46.

Ресурстарды үнемдеу және жаңа экологиялық этиканы қалыптастыру идеяларын ілгері жылжытуға бағытталған жастардың бастамаларын қолдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жарты жылда бір рет

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және бюджеттен тыс қаражат есебінен


47.

Төзімділікті және этносаралық келісімді насихаттайтын жыл сайынғы жастар фестивалін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ҚХА (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


48.

Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


9. Ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету

49.

Жастар ортасында болатын процестерді зерделеу бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу

ЖҒТК қарауына ұсыныстар

БҒМ, ОЖМО

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

көзделген қаражат шегінде

РБ

50.

Жастар ортасында өзекті тақырыптар бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің тақырыптарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ОЖМО, «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін


талап етілмейді

51.

Жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік және салалық статистикалық деректерді жинау мен талдау әдістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СА, БҒМ, ОЖМО, «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

2013 жылғы
20 маусымға дейін


талап етілмейді

52.

Жастардың барлық санаттарының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтауға бағытталған әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулерді жүйелі негізде өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

тоқсан сайын

*


53.

Жастарға және жастар ұйымдарына, сондай-ақ жастармен жұмысты қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға жүйелі әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

тоқсан сайын

*


54.

«Қазақстан жастары» атты жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық баяндама

БҒМ, СА, ОЖМО, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

жыл сайын
20 желтоқсанға дейін

*


55.

Жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамыту бағдарламаларына жастар саясатын іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін және индикаторларын енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, БҒМ, ОЖМО

2014 – 2015 жылдар


талап етілмейді

56.

Мемлекеттік органдардың жастар саясатын іске асыруының тиімділік индикаторларын әзірлеу

бағалау жүйесі

БҒМ, ЭБЖМ, СА, ОЖМО, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы
20 шілдеге дейін


талап етілмейді

57.

Жастар ұйымдарын бағалаудың әдіснамасы мен рейтингін әзірлеу

бағалау жүйесі

БҒМ, ОЖМО, «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы
20 шілдеге дейін


талап етілмейді

58.

Жастардың өзекті мәселелері бойынша статистикалық бюллетеньдер шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, СА, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

тоқсан сайын

*


59.

Жастармен жұмысты қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың өкілдері үшін оқыту семинар-тренингтерін және вебинарлар өткізуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы МБА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

тоқсан сайын, 2014 – 2015 жылдар ішінде

*


60.

Жастар ортасындағы процестерді зерттеу саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу, аталған бағытта тәжірибе алмасу және шетелдік гранттарды тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, СІМ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), ХБО (келісім бойынша), «Жастар» ҒЗО» ЖШС (келісім бойынша)

2014 жылғы 20 қарашаға дейін,
2013 – 2015 жылдар

*


10. Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту

61.

Халықаралық ұйымдардың гранттарын тарту бойынша мақсатты ұйымдастырушылық-практикалық науқандарды жүргізу

бірлескен жобалар, шарттар

БҒМ, СІМ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылдар


талап етілмейді

62.

Ірі халықаралық іс-шараларды дайындауға және өткізуге жастардың қатысуын қамтамасыз ету (EXPO-2017, Универсиада-2017)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылдар

іс-шараларға бөлінген қаражат шегінде


63.

Қазақстанда ірі халықаралық жастар ұйымдарының филиалдарын ашу мүмкіндігін зерделеу (Global Shapers, Great Silk Way, ENACTUS және т.б.)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ

2013 – 2015 жылдар


талап етілмейді

64.

Жастар ұйымдарының қатысуымен жаңа форматтағы «G-global» халықаралық диалогтік алаңын ілгері жылжыту бойынша мақсатты іс-шараларды өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, СІМ, МАМ, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 желтоқсанға дейін

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде


65.

ШЫҰ, ТМД, АӨСШК және басқа халықаралық ұйымдар шеңберінде халықаралық жастар ынтымақтастығын жандандыру

ұсыныстар, ұсынымдар

БҒМ, СІМ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылдар

бюджеттен тыс қаражат есебінен


11. Ақпараттық сүйемелдеу

66.

Жастар саясатын іске асыру барысы туралы тақырыптық аудио-бейне роликтерді шығару және тарату

БҒМ-ге ақпарат

МАМ, «Казконтент» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылдар

мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде


67.

Жастар ұйымдарының шығармашылық әлеуетін тарта отырып, жасампаз құндылықтарды, азаматтық мәдениетті және батырлықты, жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттау туралы ұлттық фильмдер шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, РЖҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы 10 қаңтарға дейін,
2014 – 2015 жылдар

көзделген қаражат шегінде

РБ

68.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті сайтын құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін, аралық ақпарат 2013 жылғы 1 шілдеге дейін


талап етілмейді

69.

Жастардың ресурстық орталықтары базасында, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жастарға консультациялар беруді қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы 20 қарашаға дейін,
2013 – 2015 жылдар

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

70.

Жоғарғы білім беру жүйесінің оқу орындарының оқу бағдарламаларына «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» арнайы курсын енгізу мүмкіндіктерін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ

2013 жылғы
1 қазанға дейін


талап етілмейді

71.

Қалалар, аудандар мен ауылдар деңгейінде Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын түсіндіру бойынша ақпараттық іс-шаралар өткізу

үгіттеу топтары

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

жыл бойы

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

12. Жастар саясатын институционалдық күшейту

72.

Барлық облыстарда, қалалар мен аудандарда жастармен жұмыс жүргізетін ресурстық орталықтар құру және саны аз елді мекендерде нұсқаушыларды енгізу мәселелерді пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы
25 қаңтарға дейін

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

73.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтар жұмысының модельдік ережесі, күнтізбелік жоспары бойынша ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы
25 қаңтарға дейін


талап етілмейді

74.

Білім беру жүйесі ұйымдарында жастар ісі комитеттерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар пакетін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 шілдеге дейін
2013 – 2015 жылдар


талап етілмейді

75.

Орталық деңгейде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар арқылы, жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырудың салалық қағидатын енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ОМО, РЖҰ  (келісім бойынша)

2014 жылғы
1 шілдеге дейін


талап етілмейді

76.

Облыстар және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар арқылы жастар ұйымдары арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырудың салалық қағидатын енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, Астана және Алматы қ.қ., Павлодар облысының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2015 жылғы
1 шілдеге дейін


талап етілмейді

77.

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы маңызды шаралардың ұлттық оқиғалар кестесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы 20 қазанға дейін,
2013 – 2015 жылдар


талап етілмейді

78.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында өңірлердегі жастар арасындағы кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы
1 шілдеге дейін

көзделген қаражат шегінде

РБ

79.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жастармен кездесулерін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ОЖМО, РЖҰ (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін,
2013 – 2015 жылдар


талап етілмейді

      Ескертпе:
      * – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Іс-шаралар жоспарын қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланатын болады.
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      ДІА – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ОЖМО – Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары
      ОМО – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары
      ХБО – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік орталығы
      МБА – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы
      ҚХА – Қазақстанның халқы Ассамблеясы
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «Казконтент» АҚ – «Казконтент» акционерлік қоғамы
      ҚТҚЖБ – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы
      РЖҰ – республикалық жастар ұйымдары
      «Жасыл Ел» ЖЕОРШ – «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы
      «Жас Отан» ЖҚ – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі
      «Атамекен» одағы» ҚҰЭП – «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы
      «ЭКСПО – 2017» ҰК – «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      ҰЕЖ – ұлттық еріктілер желісі
      «Жастар» ҒЗО» ЖШС – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады