Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 269-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Аурулардың профилактикасы, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесі» деген 1.1-мақсатта:
«Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру» деген 1.1.1-міндетте:
тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1-жолмен толықтырылсын:
«
27-1. |
Денсаулықты басқару бағдарламасын енгізу |
Х |
Х |
Х |
»;
«Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру» деген 1.1.3-міндетте:
тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
реттік нөмірі 50-жол:
«
50 |
Жоғары технологиялық көмектің жаңа түрлерін енгізу есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
50 |
Жоғары технологиялық көмектің жаңа түрлерін енгізу есебінен және 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету бөлігінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Х |
»;
«Білім беру және ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу» деген 1.2-мақсатта:
«Кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамыту» деген 1.2.1-міндетте:
тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 81-1-жолмен толықтырылсын:
«
81-1. |
Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық білім беруді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын әзірлеу |
Х |
»;
«Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 2.1-мақсатта:
«Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру» деген 2.1.1-міндетте:
тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 121-1-жолмен толықтырылсын:
«
121-1. |
Қазақстан Республикасында электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу |
Х |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов