Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттер басшылары кеңесінің 2012 жылғы 5 желтоқсанда Түрікменстанда (Ашхабад) өткен Саммитінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2013 жылды Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялау туралы» шешімінің 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2013 жылы Қазақстан Республикасында Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар және ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылғы 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2014 жылғы 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 634 қаулысымен
бекітілген
2013 жылы Қазақстан Республикасында Экологиялық мәдениет және
қоршаған ортаны қорғау жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Республика бойынша: «Саябақтар шеруі», «Жасыл бақ - таза қала» табиғат қорғау акцияларын, сондай-ақ орман мен бақтарда тазалық айлығын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері |
2013 жылғы |
2. |
Жыл сайынғы «Жер сағаты» халықаралық оқиғаға арналған іс-шараларды өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері |
2013 жылғы |
3. |
Қарағанды облысы бойынша «Мен және Жер» экологиялық журналының шығарылуы |
«Мен және Жер» журналын шығару |
Қарағанды облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
4. |
«Энергия үнемдеу және Қазақстанның энергетикалық тиімділігін арттыру» инновациялық конгресін өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Қазақстанның ТКШ ұлттық палатасы (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
5. |
Өскемен қаласында «Жасыл экономика – Қазақстан дамуының жаңа бағыты» ІІІ Экологиялық форумын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
6. |
«Қарағанды облысында «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі» тақырыбында «Экология және Балалар» атты 19 - облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу |
ғылыми-практикалық конференция |
Қарағанды облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
7. |
22 наурыз - 22 сәуір аралығында қалалар мен басқа да елді мекендерде жасыл желектерді отырғызу бойынша «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» табиғатты қорғау акциясын республика бойынша өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері |
2013 жылғы |
8. |
Республика бойынша «Менің атаулы ағашым» табиғат қорғау акциясын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
БҒМ |
2013 жылғы |
9. |
Мектеп оқушылары арасында қоршаған ортаны қорғауға арналған конкурстар өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Атырау облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
10. |
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі – Қазақстан «жасыл» экономикасының негізі» жалпы республикалық акциясын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
«Жасыл» экономиканы қолдау коалициясы» ЗТБ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
11. |
«Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау және су ресурстарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
12. |
Оқу орындары оқушыларының арасында облыстық «Жасыл әлем – балалардың көзқарасымен» конкурсын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
13. |
Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу перспективалары жөнінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің республикалық экологиялық үкіметтік емес ұйымдармен кездесуін өткізу |
кездесудің хаттамасы |
Қоршағанортамині |
2013 жылғы |
14. |
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, ҰЕҰ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
15. |
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған облыстық ақындар айтысын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Атырау облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
16. |
«5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған «Қарағанды-VeloCity 2013» велосипед фестивалін өткізу |
Қарағанды қ. орталық көшелерінде веломаршты өткізу |
Қарағанды облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
17. |
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің қатысуымен Астана қаласының шегінде Есіл өзеніне құнды балық түрлері шабақтарын (тұқы) жіберу бойынша акцияны өткізу |
бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз-ақпарат |
Қоршағанортамині |
2013 жылғы |
18. |
«Экологиялық реттеу және бақылау мәселелері» атты конференциясын өткізу |
конференцияның хаттамасы |
Қоршағанортамині |
2013 жылғы |
19. |
Қарағанды облысының балаларға арналған экологиялық ұйымдарының оқушылары үшін «Ақ Бота» экологиялық мектебін ұйымдастыру және өткізу |
Қарқаралы қаласында Ұлттық парк базасындағы жазғы экологиялық мектеп |
Қарағанды облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
20. |
Каспий күнін өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
21. |
VI Азаматтық форум шеңберінде экологиялық мәселелерді талқылау және тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу үшін қоғамдық сектордың қатысуымен «Экологиялық проблемаларды шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. «Жасыл» экономикаға көшудегі үкіметтік емес секторлары үшін мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу |
дөңгелек үстел бойынша есеп |
Қоршағанортамині |
2013 жылғы |
22. |
Тұрғындардың және мүдделі тұлғалардың қатысуымен «ДСҰ-на кірудің алдында халықты экологиялық ағарту» республикалық тыңдауларын өткізу |
өткізілген кездесу бойынша есеп |
Қоршағанортамині, мүдделі мемлекеттік ұйымдар және өнеркәсіптік одақтар, ҮЕҰ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
23. |
«Ең үлгілі гидро бекет, ең үлгілі метеостанция» акциясын өткізу |
акция өткізу |
Қоршағанортамині |
2013 жылғы |
24. |
«Экологияға қосқан үлесі үшін» атты номинациясы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу |
конкурс жеңімпаздарын анықтау |
Еңбекмині, Қоршағанортамині, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
25. |
«Жасыл» экономика – аймақтардың орнықты даму бағыты» халықаралық конференциясын ұйымдастыру |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
«Жасыл» экономиканы қолдау коалициясы» ЗТБ |
2013 жылғы |
26. |
Маңғыстау облысындағы жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында облыстық экологиялық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
2013 жылғы |
27. |
«Экологиялық мәдениеттің заманауи және орнықты даму проблемалары» екінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
БҒМ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экология проблемалары ҒЗИ |
2013 жылғы |
28. |
Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептері арасында «Табиғатпен үйлесімділік мектебі» конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
2013 жыл бойы |
29. |
«Маңғыстау облысының бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарияланған экологиялық тақырыптар» конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
2013 жыл бойы |
30. |
Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылының іс-шараларын сүйемелдеу бойынша ақпараттық қолдау көрсету |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
Қоршағанортамині, МАМ |
2013 жыл бойы |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Экология проблемалары ҒЗИ ШЖҚ РМК - «Экология проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
ЗТБ - заңды тұлғалар бірлестігі
ҚҰЭП - Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы