"Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 650 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшін қабылдаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын жиынтықтау жолымен және мынадай шарттарды ескере отырып жасалады:
      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасы қабылданған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес келуі тиіс, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сома кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келуі тиіс;
      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиын сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалар сомасына сәйкес келуі тиіс;
      3) жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сондай көлемде және дәл сол айларда жоғары тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;
      4) төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін трансферттер, кредиттерді қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджет төлеген сыйақы сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсімдері бойынша жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сол көлемде және дәл сол айларда төмен тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі.
      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделуі тиіс, бұл жыл басынан өсу қорытындысымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың артуына жол бермеуді білдіреді.»;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
      3-1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
      6) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
      7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;
      8) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке алумен және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеуге арналған.»;
      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
      1) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелік етуінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ақылы қызметтердің ҚБШ);
      2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ);
      3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ);
      4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – нысаналы қаржыландырудың ҚБШ);
      5) шетел валютасындағы шоттар;
      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ).»;
      мынадай мазмұндағы 82-1-тармақпен толықтырылсын:
      «82-1. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашу үшін соңғылары аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінім береді.»;
      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратынан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 84-1-тармақпен толықтырылсын:
      «84-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуды жүзеге асырады.»;
      89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «89. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ашылған ҚБШ тіркеу осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
      Шетел валютасында ашылған шоттарды тіркеу осы Ережеге 39-қосымшаға сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі» нысаны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.
      90. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері тиісті салық қызметі органдарын оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.»;
      101102103 және 104-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «101. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерінің мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзу тиiстi бюджеттердiң, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан және шетел валютасындағы шоттарынан төлемдер жүргiзудi және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептердi қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.
      Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП «Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
      102. Мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, тиiстi бюджеттерiнiң, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзудi аумақтық белгiсi бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жақын тұрған басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, тиiстi бюджеттерiнiң, ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарын/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзуге сол аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатымен жол берiледi.
      103. Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ ақшасына билiк етушiлер бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар болып табылады, ақылы қызметтердiң, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарына – мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ – аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.
      104. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға иелік етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.»;
      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «106. Ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы және шетел валютасындағы шоттарда ақша қозғалысы жөнiндегi есептердi берудi аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады және:
      мемлекеттiк мекемелерге:
      1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
      осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» 5-20-нысаны бойынша;
      осы Ережеге 44-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
      осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзінді» 8-17-нысаны бойынша;
      2) ай сайын:
      осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
      осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес «Шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп» 8-07-нысаны бойынша;
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға есептi тоқсаннан кейiнгi 3-шi күнге дейiн тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы қалдықтар туралы есеп» 5-34А-нысаны бойынша;
      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
      осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша берiледi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.»;
      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «108. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылу туралы хабарлама бере отырып, өзі жабады.»;
      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. Мемлекеттiк мекеменiң коды осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмi бойынша:
      1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
      4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
      5) ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған жағдайларда жабылады.»;
      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «112. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ немесе шетел валютасындағы шоттарын жабу туралы жазбаша өтінімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.»;
      113113-1 және 114-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «113. Жабылатын ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотында немесе шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi жабылатын:
      1) ақылы қызметтердің ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
      мынадай жағдайларда:
      құқықтық мирасқор болмаған;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталған;
      құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмаған жағдайда тиiстi бюджет кiрiсiне;
      2) демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ;
      құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
      құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
      3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ:
      салымшыға;
      құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
      4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
      5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
      құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
      квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;
      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ есептеу арқылы төлеуге берiлетiн шотты, пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлем тапсырмасын немесе шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді («Қазынашылық-клиент» АЖ-де электронды түрiн қалыптастырады) ұсынады.
      113-1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөрдің жойылуы және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмау себебімен жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті ҚБШ аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттармен бірге жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеме мен құқықтық мирасқор – мемлекеттiк мекеменiң деректемелерiн: мемлекеттiк мекеменiң атауын, БСН, кодын, ҚБШ нөмiрiн, сондай-ақ ҚБШ-дағы аударуға жататын ақша қалдығының сомасын қамтуы тиiс. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қолдаухатты алған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменiң ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-дағы ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиiстi ҚБШ-на аударуды жүзеге асырады.
      114. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi тиiстi салық органдарына мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.»;
      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрінде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
      1) бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша;
      3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақша;
      4) мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменің қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жүргізуін;
      5) түсімі Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаны қамтиды.»;
      199-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «ЖСК» ашық жолағында мыналар бойынша:
      мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне) түсетiн түсiмдерді есепке алу;
      мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алу және олардың есебiнен есеп айырысулар жүргiзу;
      мемлекеттiк мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;
      мемлекеттiк мекемеге қайтарымды не белгiлi бiр жағдайлар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаны есепке алу;
      ерекше шығыстарды жүргiзуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;
      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызу мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған шығыстарды жүргізу жөніндегі операцияларды есептеу үшiн қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды көрсетiледi;
      5) «Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражаты есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi:
      1 – үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен;
      2 – үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен;
      3 – мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен;
      4 – демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақша есебiнен;
      5 – жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаның есебiнен;
      8 – ерекше шығыстардың есебiнен;
      R – жергілікті өзін-өзі басқарудың ақшасы есебінен;»;
      202-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың және мақсатты қаржыландырудың ҚБШ төлемдер мен ақша аударымын жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шоттарда «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.»;
      208 және 209-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «208. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ҚБЕО белгiлеген пiшiмде магниттiк (электрондық) тасығышта ұсынады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгiлеген пiшiмде магниттiк (электрондық) тасығышта ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және оған бухгалтердің ЭЦҚ-мен қол қойылады.
      Мемлекеттік мекеме осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес 5-15 А «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушының тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша ақша алушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
      209. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдердi ағымдағы шоттарға немесе мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес 5-15а «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмені (бұдан әрi – үзiндi көшiрме) қалыптастырады. Үзiндi көшiрме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және осы Ереженің 196-тармағында көзделген құжаттармен бiрге мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ жұмысы үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен Келісім жасасқан мемлекеттік мекемелер «ақша алушылардың тиісті шоттарына арналған жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелер (бұдан әрі – үзінді көшірме) (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғалардың карта-шотына немесе ақша алушылардың жинақтаушы шотына стипендиялар, төлемдер және әлеуметтік аударымдар)» 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шотына арналған жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелерді осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.»;
      237-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекеменің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ түсімдер бойынша 902-шотына есептелген сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеме хатының негізінде деректемелерді нақтылаған кезде ақшаны алушыға есептейді.»;
      241-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «241. Инкассолық өкiмдi орындау:
      1) инкассолық өкім мемлекеттiк мекеменiң кодына қойылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған мiндеттемелерi бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемi инкассолық өкiмдi орындауға жiберiледi;
      2) қабылданбаған мiндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасы және оны мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойған жағдайда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойылған жағдайда демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы;
      4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы ақша қалдығы және банктік заңнамаға сәйкес;
      5) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ шығарған жағдайда, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы ақша қалдығы есебінен жүргiзiледi.»;
      242-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «242. Инкассолық өкімді алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
      1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:
      мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;
      міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
      мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылық көмектің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
      осы Ережеге 238-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама хат) жібереді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда - инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;»;
      251-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «251. Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкім аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
      демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассолық өкімді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды.»;
      252-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «252. Ақылы қызметтердің не демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңғырту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
      254-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «254. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
      жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдерi;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
      жәрдемақылар, алименттер;
      мiндеттi зейнетақы жарналары;
      әлеуметтiк аударымдар;
      банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;
      2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкiм қойылған жағдайда;
      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.»;
      255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «255. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне салық (кеден) органдарының мемлекеттiк мекеменiң коды бойынша, ақылы қызметтер мен демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бiрiншi басшының қолы қойылған, салық (кеден) органдарының мөрiмен расталған өкiмдерi келiп түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
      8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бөлім. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді, жеке немесе заңды тұлғалар оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану не нақты жағдайлар туындаған кезде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару.»;
      327-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «327. Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ларына есептелуі тиіс. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиісті шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:
      «46-1-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу тәртібі
      383-1. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операциялар Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.
      383-2. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
      383-3. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түскен қаражатты пайдалану үшін жыл сайын, қаржы жылының 20 қаңтарына дейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарын осы Ережеге 121-қосымшаға сәйкес жасайды.
      383-4. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдың округі әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарын тиісті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі оны қаржы жылының 1 ақпанына дейін жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін бекітеді.
      Бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
      383-5. Бекітілген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынылмайды.
      383-6. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарында көзделген сомалардан тыс қаржы жылы ішінде түскен кірістер аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жергілікті қоғамдастықтың жиналысында нақтыланған және келісілген жағдайда ағымдағы қаржы жылы жұмсалуы мүмкін.
      383-7. Төлемдер Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
      383-8. Есепті қаржы жылының аяғында пайдаланылмаған жергілікті өзін-өзі басқарудың шотында қалған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспары жергілікті қоғамдастықтық жиналысында нақтылануы және келісілуі арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.»;
      384-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау облыстық бюджеттен осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға ашылған арнайы шоттар арқылы қаржыландырылады.»;
      385386387 және 388-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «385. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға:
      1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, сондай-ақ республикалық референдум кезінде сайлау іс-шараларын жүргізуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның арнайы шоттарын (бұдан әрі – сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар);
      2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын өткізуге арналған шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған арнайы шоттарды (бұдан әрі – аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттар) ашуды жүзеге асырады.
      Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негізінде ашылады.
      Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттар облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты негізінде ашылады.
      Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шоттар сайлау іс-шараларын, республикалық референдумды қаржыландыру аяқталғанға дейінгі мерзімге ашылады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін жергілікті атқарушы органдар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
      Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәслихат шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
      386. Сайлауды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыруды шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
      Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды міндеттемелер мен төлемдер және шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, сондай-ақ аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландырудың жеке жоспарларын облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады.
      387. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау науқанын, республикалық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына иелік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау, республикалық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қоспағанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті сайлау комиссиясы төрағаларының назарына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыруға берілген рұқсаттарды жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған шарттарды тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде жасасады.
      388. Сайлау, республикалық референдум өткізу уақытында жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қойылған қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі, екінші қол қою құқығы тиісті аппарат әкімінің бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі болады.
      Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін – оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделуге тиіс. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыруға арналған шоттан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттан қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлауларды, республикалық референдумды, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу мерзіміне, қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күнге дейін ғана белгіленеді.»;
      391-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Облыстық бюджет қаражатынан:
      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне:
      сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;
      жалақыға үстемеақыға;
      техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алуға, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және жасау);
      көлік шығыстарына;
      бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      байланыс қызметтеріне, почта-телеграф шығыстарына;
      полиграфиялық шығыстарға;
      кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;
      2) үй-жайларды жалға алуға;
      3) iссапар шығыстарына;
      4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;
      5) кандидаттардың көлік шығыстарына;
      6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беру пунктінде орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.»;
      393 және 394-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «393. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотынан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотынан сайлаулар өткізуге қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегінде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп беріледі, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шығыстар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетін сомалардың қалдығын сайлаулар, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күн мерзімде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотына немесе аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотына есепке алу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады;
      2) аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы/аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде жергілікті атқарушы орган бекіткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекіткен, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейін төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алғаннан кейін әкім аппаратының бас бухгалтері (қаржы қызметінің басшысы) растайтын, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасының бекітуіне береді.
      Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотына немесе аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотына есептеу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады.
      394. Сайлау науқандарына, оның ішінде кандидаттарға, республикалық референдумға бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      396-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «396. Президентті, партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды, сондай-ақ республикалық референдумды өткізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «422. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелер мен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады. Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:
      1) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы;
      2) сметалық құн 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен және ағымдағы бағадан көп болған жағдайда жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын бекіту туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бұйрығы;
      3) тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есептеулер, жұмыс түрлері бойынша желілік есептеулер;
      4) және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) ақша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен, есептеулермен, сондай-ақ бекітілген қаржы-экономикалық негіздемелер мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысымен бірге ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
      Төмен тұрған деңгейдегі әкімдердің қолдаухаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат ағымдағы нысаналы трансферттер нысанында да, нысаналы даму трансферттері нысанында да жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы бөлінеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан астам мерзіммен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың салдарларын жоюға байланысты өзге іс-шаралар жүргізу үшін қосымша қаражат бөлу туралы келесі қаржы жылдарында шешім қабылдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге қосымша ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің (тауарлардың) көлемін көрсете отырып, өткен қаржы жылы үшін резервтен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп береді.
      Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.»;
      мынадай мазмұндағы 557-1-тармақпен толықтырылсын:
      «557-1. Осы Ереженің 556 және 557-тармақтарында көзделген жағдайларда кредит сомасын қайтару, кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.»;
      көрсетілген Ережеге 3638 және 49-қосымшалар осы қаулыға 12 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Ереже осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 121-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 650 қаулысына    
1-қосымша       

Бюджеттiң атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесiне   
36-қосымша      

_____________________________________________________________________
(Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (бюджеттi атқару
жөнiндегi орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлiмшесi)

«___» ______________ _________ жылғы
қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға арналған
өтiнiм

Р/с

Мемлекеттiк мекеме

Бюджет түрi

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері

Қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашу үшiн негiздеме (рұқсат етiлген күнi мен нөмiрi, тармақшасының, тармағының, бабының нөмірлері көрсетiлген заңнамалық актiнiң атауы мен күнi)

атауы

коды

1

2

3

4

5

6

I. Ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоты:








II. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң қолма-қол ақшасының бақылау шоты:








III. Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты:








IV. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару қолма-қол ақшасының бақылау шоты:








Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның
(бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның
аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң)/
мемлекеттік мекеменің басшысы
                                    _________ _______________________
                          М.О.        (қолы)   (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 650 қаулысына    
2-қосымша       

Бюджеттiң атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесiне  
38-қосымша     

5-19-нысан         
Есеп жүргізілді: Күні - Уақыты
Х-тен №-ге дейінгі парақ  

Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік,
қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол
ақшасы бақылау шоттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару және
квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының
тізбесі

Өңір: _______________________________________________________________
Қаржыландыру көзі: __________________________________________________

Р/с

ЖСК

Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды

БСН

Шоттың атауы

Ашылған күні

Қозғалыс күні

Қолданылу күні

Жабылу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Жауапты орындаушы ___________________________________________________
                                        (қолы)
М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 650 қаулысына   
3-қосымша      

Бюджеттiң атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесiне   
49-қосымша      

5-34А-нысан
Күні - Уақыты
№ 1 беті 

Ақылы қызметтердiң, демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң,
ақшаны уақытша орналастырудың, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың
ҚБШ-сындағы және квазимемлекеттік сектор субъектісінің
шотындағы қалдықтар туралы есеп

Өңір: _______________________________________________________________
Бюджет түрі: ________________________________________________________
Әкімші: _____________________________________________________________
Қаржыландыру көзі: __________________________________________________
Кезең: ___________________________ бастап _____________________ дейін
Өлшем бірлігі: мың теңге

Әкімші/мем. мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі

Атауы

Кіріс қалдығы

Дебет

Кредит

Кезеңдегі сальдо

Шығыс қалдығы

1

2

3

4

5

6

7
















Есеп бойынша жиыны






Аумақтық қазынашылық        Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi
бөлiмшесінiң басшысы        органның басшысы
________ ___________        ________ ________________________________
(қолы)    (Т.А.Ә.)           (қолы)             (Т.А.Ә.)

М.О.

М.О.                        Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi
                            уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы
                            ________ ________________________________
                             (қолы)             (Т.А.Ә.)

                                            ББӘ басшы
                                  (аудандық маңызы бар қаланың,
                            кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi)

                            ________ ________________________________
                             (қолы)             (Т.А.Ә.)
М.О.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
жауапты орындаушысы                      М.О.
_____________ ___________________
   (қолы)          (Т.А.Ә.)

М.О.             Есептi тексеруге жауапты
              құрылымдық бөлiмшенiң басшысы
              ________ ____________________
               (қолы)        (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 650 қаулысына    
4-қосымша       

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесіне   
121-қосымша      

«Бекітемін»           
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,
кенттің, ауылдық округтің әкімі  
_____________________________________
(қолды таратып жазу, Т.А.Ә.)   
20__ ж. «___» _______________________
М.О.                

20__ жылға арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,
ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару
функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдері мен
шығыстарының жоспары

Өлшем бірлігі      мың теңге

Р/с

Кірістер мен шығыстардың атауы

Тоқсан бойынша сомасы

Осы жылға барлығы

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1

Кірістердің барлығы:







оның ішінде:







аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер







сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар







әкімшілік құқық бұзушылық үшін аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері өндіріп алатын айыппұлдар







жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары







өзге де көздер






2

Шығыстардың барлығы:







оның ішінде шығыстардың бағыттары бойынша:







………






3

Осы жылға барлығы:






Әкім аппаратының басшысы          ___________ _______________________
                                    (Т.А.Ә.)    (қолды таратып жазу)

Бас бухгалтер                     ___________ _______________________
                                    (Т.А.Ә.)    (қолды таратып жазу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады