Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсаты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсатты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманың жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.09.2013 № 911 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 670 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық
газ конденсаты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау
бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсаты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 13-бабын негізге ала отырып,
Келісімді іске асырудың неғұрлым тиімді ұйымдық-құқықтық және қаржылық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 1-бабындағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Келісім бойынша оператор – уәкілетті ұйымдардың келісімі бойынша айқындалған (тағайындалған), Имашев кен орнын геологиялық зерделеу және барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілген коммерциялық ұйым;».
2-бап
Келісімнің 5-бабында:
1) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптардың әрқайсысы осы Келісім күшіне енген күннен кейін осы Келісім бойынша операторға өз мемлекеті аумағының шегінде Имашев кен орнын геологиялық зерделеу мен барлауды жүргізуге қажетті барлық құжаттарды ұсынуды жүзеге асырады.»;
2) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісім бойынша оператор өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттің аумағында Тарап мемлекетінің заңнамасында жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.»;
3) төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Тараптар осы Келісім бойынша операторға өз мемлекеті аумағының шегінде Имашев кен орнын геологиялық зерделеу және барлау үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын береді.»;
4) алтыншы абзацтағы «Тараптардың уәкілетті ұйымдары» деген сөздер «Осы Келісім бойынша оператор» деген сөздермен ауыстырылсын.
3-бап
Келісімнің 6-бабының бірінші абзацындағы «уәкілетті ұйымдар» деген сөздер «осы Келісім бойынша оператор» деген сөздермен ауыстырылсын.
4-бап
Келісімнің 7-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
Геологиялық зерделеу және барлау бағдарламасын әзірлеу
Осы Келісім бойынша оператор Имашев кен орнының жер қойнауын пайдалану құқығын алғаннан кейін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында осындай құжаттарға қойылатын талаптарға сай келетін геологиялық зерделеу және барлау бағдарламасын әзірлейді. Геологиялық зерделеу және барлау бағдарламасы Тараптардың уәкілетті ұйымдарында келісілуге тиіс.».
5-бап
Келісімнің 8-бабындағы «уәкілетті ұйымдарға» және «уәкілетті ұйымдар» деген сөздер тиісінше «осы Келісім бойынша операторға» және «осы Келісім бойынша оператор» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-бап
Келісімнің 9-бабында:
1) бірінші абзацтағы «уәкілетті ұйымдар немесе олардың тапсырмасы бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
2) екінші абзацтағы «уәкілетті ұйымдар» деген сөздер «Осы Келісім бойынша оператор» деген сөздермен ауыстырылсын.
7-бап
Келісімнің 11-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер
Осы Келісім бойынша оператор жер қойнауын пайдаланғаны үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда төлемдер төлейді.».
8-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
201__ жылғы «___» __________ ________________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының |
Ресей Федерациясының |