2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының алаңы 10,0 гектар жер учаскесі мемлекеттік орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкімі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін шағын тірек станциялар бар ВЛ-220 кВ айналма желісін салу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгілеген тәртіппен «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 672 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына
арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын орман қоры
жерлерінің экспликациясы
Р/с |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде: |
|||||
орманды жерлер |
алаңдар |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
өзге жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық комитетінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
10,0 |
10,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
ЖИЫНЫ: |
10,0 |
10,0 |
- |
- |
- |