"Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 689 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 532-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінім – қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы жазбаша өтініші;
      негізсіз алынған табыс – қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша төлем алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астамға орындамау нәтижесінде алынған қосымша табыс;
      тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу – тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерілмейтін шығындардың тізбесін анықтау;
      шығыстардың деңгейін шектеу – белгіленген және (немесе) бекітілген нормалар, нормативтер, стандарттар және лимиттер негізінде тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілетін шығындар деңгейінің шегін белгілеу;
      қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:
      жиырма Гкал/сағатқа дейін және оны қоса алғанда белгіленген жалпы қуаты бар жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
      жылына жүз елу мың текше метрге дейінгі көлемімен сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру;
      көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;
      төтенше реттеуші шаралар – азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қабылдайтын шаралар;
      Лондон банкаралық нарығының ставкасы – жылдық пайыз ретінде көрсетілетін пайыздарды есептеу кезеңінің бірінші күніне құны бойынша (немесе пайыздарды төлеу күніне құны бойынша пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында не пайыздарды есептеудің осындай кезеңі күні, не пайыздық есептеудің бірінші күні алдындағы келесі күні) алты айлық бір валюталық депозиттер бойынша Лондон банкаралық нарығындағы ұсыныс ставкасы.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), тарифтік сметаларды өткен күнтізбелік жылдың фактісі бойынша тұтыну бағаларының индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет дербес өзгерте алады.
      Тариф (баға, алым ставкасы), тарифтік смета осылайша өзгерген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органды тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны өзгерту күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тарифтің (бағаның, алым ставкасының), тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты қоса бере отырып хабардар етеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі өзгерткен реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым ставкасы), тарифтік смета тиісінше реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым ставкасы) және тарифтік смета болып табылады.
      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны тұтынушы бағаларының индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен тарифті (бағаны, алым ставкасын), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.
      Табиғи монополия субъектісі тарифті және тарифтік сметаны өзгертуді осы Ереженің 5-тармағының бірінші абзацында көзделген кезеңділікті сақтай отырып, оны дербес бекіту немесе жалпы тәртіппен бекіту арқылы жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады