"Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 692 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) инвестициялық бағдарлама – бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттелетін нарық субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы.»;
      7-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі Заңның 7-3–бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Уәкілетті орган қосымша ақпаратты жазбаша нысанда Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес сұратады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады