"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 693 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесіне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемесін әзірлеу және оларды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен бекіту және қолдану;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеу және оны мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен бекіту және қолдану;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) табиғи монополиялар субъектiлерi үшін тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкасын есептеу;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады