«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)
мәселелері» туралы 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 және
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін
тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы
20 ақпандағы № 159 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5
шілдедегі № 694 қаулысына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 694 қаулысымен (бұдан әрі - қаулы) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеге және Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларына түзетулер қабылданды.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 6 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде монополияға қарсы органның мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға сараптамасын жүргізу, мемлекеттік монополия субъектілерінің «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы бойынша толықтырулар енгізілді.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларында уәкілетті орган ұғымы бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган - бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігі