Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласын сумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1561 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласын сумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 1 ақпанға және 1 тамызға Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 9 шілдедегі
№ 700 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1561 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласын сумен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді
іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Шығыстар, барлығы |
оның ішінде жылдар бойынша |
Қаржыландыру көздері |
|||
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстары |
||||||||||
1. |
Климаттың өзгеруін ескере отырып, Есіл мен Сілеті өзендері бассейнінің су ресурстарына кешенді ғылыми-зерттеушілік бағалау жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қоршағанортамині, ЭБЖМ |
2014 жылғы |
30,0 |
15,0* |
15,0* |
РБ |
||
2. Қосымша сумен жабдықтау көзін айқындау |
||||||||||
2. |
Балама сумен жабдықтау көздерін ескере отырып, Қ. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш салудың техникалық-экономикалық негіздемесін пысықтау (Сілеті өзені және Сілеті су қоймасы, жер асты сулары, бассейнаралық канал салу) |
ТЭН, мемсараптаманың оң қорытындысы |
Астана қ. әкімдігі, Қоршағанортамині, ӨДМ, ЭБЖМ, Ақмола облысының әкімдігі |
2012 жылғы |
15,0 |
15,0 |
ЖБ |
|||
3. |
Балама сумен жабдықтау көздерін ескере отырып, Қ. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш салу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қ. әкімдігі, Қоршағанортамині, ЭБЖМ, ӨДМ |
2015 жылғы |
91 170,3 |
46 000* |
45 170,3* |
РБ |
||
3. Су тұтынуды және нормативтен тыс шығындарды төмендету |
||||||||||
4. |
Тельман кентіндегі сорғы станциясынан Индустриялық парк аумағындағы техникалық су резервуарларына дейін ұзындығы 14,0 км, диаметрі 1000 мм техникалық су тарқышты қайта жаңарту |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қ. әкімдігі, ӨДМ, ЭБЖМ |
2013 жылғы |
2 454 |
2 454* |
РБ |
|||
5. |
Суды үнемдеу технологияларын және айналма сумен жабдықтау жүйелерін қолдануды ынталандыру мақсатында сумен жабдықтау тарифтерін саралау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТМРА, Астана қ. әкімдігі, Қоршағанортамині |
2014 жылғы |
талап етілмейді |
|||||
4. Есіл өзенінің деңгейін көтеру |
||||||||||
6. |
Талдыкөл жинақтауышын жою (1-кезек – Астана қаласынан төмен Есіл өзенінде 136 мың м3/тәул. көлемде тазартылған ағынды суларды ағызу бойынша құбыр өткізгішті салу |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қ. әкімдігі, ӨДМ, ЭБЖМ |
2014 жылғы |
56 871 |
6 000 |
5 000,0 |
23 471* |
22 400* |
РБ |
7. |
Талдыкөл жинақтауышын жою (2-кезек Астана қаласынан жоғары Нұра-Есіл каналына 118 мың м3/тәул. көлемінде тазартылған ағынды суларды ағызу бойынша құбыр өткізгішті салу) |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, ЭБЖМ |
2015 жылғы |
||||||
8. |
Кіші Талдыкөл өзендерінің аумағындағы жерасты су деңгейін төмендету және кейін оларды Есіл өзеніне ағызу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қ. әкімдігі, Қоршағанортамині, ӨДМ, ЭБЖМ |
2013-2015 жылдар |
8 960,0 |
5 000,0* |
3 960,0* |
РБ |
||
5. Есіл өзенінің арнасын тазарту мен судың сандық және сапалы жай-күйіне мониторинг жүргізу |
||||||||||
9. |
Оңалту және экологиялық-биологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі, Қоршағанортамині |
2015 жылғы |
75,0 |
25,0 |
25,0 |
25,0 |
ЖБ |
|
10. |
Сарыбұлақ бұлағын қайта жаңарту |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, ЭБЖМ |
2013 жылғы |
700 |
700 |
РБ |
|||
11. |
Ақбұлақ өзенінің арнасын қайта жаңарту: |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, ЭБЖМ |
2013 жылғы |
69,0 |
69,0 |
750,0* |
ЖБ |
||
12. |
Есіл өзенінің арнасын қайта жаңартуды аяқтау: |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Астана қ. әкімдігі, ӨДМ, ЭБЖМ |
2015 жылғы |
11 250,2* |
1 850,4 |
2 780,8 |
2 826,1* |
3 792,9* |
РБ |
13. |
Есіл өзенінде 4 автоматтық гидрологиялық және гидрохимиялық бекеттер мен Астана су қоймасында автоматты гидрометеорологиялық станция және Сілеті өзенінің бассейнінде 3 автоматты гидрологиялық бекеттер құру. Есіл өзені бассейніндегі 2 гидробекетті жаңғырту |
мемкомиссияның қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қоршағанортамині, Астана қ. әкімдігі, ЭБЖМ |
2015 жылғы |
186,6 |
130,7* |
55,9* |
РБ |
||
14. |
Астана және Сілеті су қоймаларын батиметриялық суретке түсіруді орындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қоршағанортамині, Астана қ. әкімдігі, ЭБЖМ |
2015 жылғы |
31,3 |
28,8* |
2,5* |
РБ |
||
15. |
Есіл мен Сілеті өзендері бассейндерін алдын ала гидрографиялық тексеруден өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қоршағанортамині, Астана қ. әкімдігі, ЭБЖМ |
2015 жылғы |
89,2 |
78,3* |
10,9* |
РБ |
||
Барлығы: |
172 605,3 |
7 850,4 |
8 574,8 |
80 750,1 |
75 430,0 |
|||||
оның ішінде республикалық бюджет |
172 446,3 |
7 835,4 |
8 480,8 |
80 725,1 |
75 405,0 |
|||||
жергілікті бюджет |
159 |
15 |
94 |
25 |
25 |
Ескертпелер: * жыл сайынғы қаржыландыру көлемі тиісті растау құжаттамасын енгізу кезінде елдің экономикалық даму қарқынына, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндігіне негізделе отырып, тиісті қаржылық жылдарға мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
РБ – республикалық бюджет
ЖБ – жергілікті бюджет